Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген « Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарын квоталау ережесі » , « Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысының ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер үшін қызметкерлердің тізімдік санына қарай:
1)ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда жұмыс орындарыныңсанын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;
2)осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;
3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес,бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;
4) осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2.« Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы » мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Исатаевқа жүктелсін.
Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.