Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы  «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы»          № 344 бұйрығына сәйкес, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

  2. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы «Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы» №82 қаулысының (Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 19 наурызда № 3102 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының заң бөліміне осы тармақтың   1) және 2)атармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдірахымға жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

   Облыс  әкімі                                                                     М. Сұлтанғазиев

 

 

Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы
Дата публикации
16 октября 2023