«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 473 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын айқындау туралы» (Алматы облысы Әділет Департаментінде 2016 жылы 12 қазанда № 3981 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Құдайбергеновке жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.