«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 560 «Алматы облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» (Алматы облысы Әділет Департаментінде 2016 жылы 22 қаңтарда № 3682 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Құдайбергеновке жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.