2023 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

 

ЖОБА

 

 

2023 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы         № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) 2023 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2023 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Облыс әкімі                                                                   М. Сұлтанғазиев

 

 

2023 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
27 февраля 2023