Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы №61 «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы №61 «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3092 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                     М. Султангазиев

 

 

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы №61 «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Дата публикации
24 февраля 2023