Алматы облысы әкімдігі қаулысының күшін жою туралы

ЖОБА

 

 

 

Алматы облысы әкімдігі қаулысының күшін жою туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы «Облыс аумағында карантиндік режим енгізіле отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5915 болып тіркелген) № 117 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

  2. Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Алматы облысы аумағында карантиндік режимді жою және Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы «Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27755 болып тіркелген) № 109 қаулысының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                   М. Сұлтанғазиев

Дата публикации
22 февраля 2023