Алматы облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

 

ЖОБА

 

Алматы облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.

  2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Р. Рақымбековке жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

    Облыс  әкімі                                                                       М. Сұлтанғазиев 

 

Алматы облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
21 февраля 2023