2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» № 18/669, «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» №18/671 қаулыларына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы облыстың сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы Алматы облыстық комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға М.Айтова
Хатшы А.Қанатова
Қонаев қаласы,
2023 жылғы 20 қаңтар,
№ 14