Алматы облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 19 округтік сайлау комиссиялары құрылсын

  2. № 2, №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.

  3. Алматы облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Алматы облыстық мәслихатына жіберілсін.

  4. Осы қаулы Алматы облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Алатау арайы» газетінде орналастырылсын.

  5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Комиссия төрағасы                                                         М.Айтова

 Комиссия хатшысы                                                         А.Қанатова

 

  2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23 

 

Алматы облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
28 декабря 2022