Жоба
Алматы облысының су шаруашылығы саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлімі) 37, 42-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17, 125-баптарына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматыоблводхоз» шаруашылықты жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) құрылсын.
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалсын және өкілеттіктер берілсін, атап айтқанда Жарғыларды (Ережелер) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және монополияға қарсы органның келісімін алып, уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Рақымбековке жүктелсін.
Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев