ЖОБА
Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57 «Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57 «Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27154 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы қаулының 1-1 қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 1-1 қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын;
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Алматы облысының әкімі |
|
М. Сұлтанғазиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі