Алматы облысының физикалық-географиялық объектісіне атау беру туралы

 

 

Жоба

 

Алматы облысының физикалық-географиялық объектісіне атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Шонжы-Қалжат-Кетпен-«Шалкөде» автожолындағы асуға – Асанбай Асқаровтың есімі берілсін.  

  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Қазақстан Республикасының 

                  Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

 

 

 

 

Алматы облысының физикалық-географиялық объектісіне атау беру туралы
Дата публикации
23 сентября 2022