Алматы облысының 2022 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Алматы облысының 2022 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау  көлемдерін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                                       
2 - тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. 2022 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Дәндібаевқа жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Облыс әкімі                          М. Сұлтанғазиев

 

 

 

Облыс әкімдігінің 2022 жылғы

«___» _____________________

                                                                                                     №___ қаулысына қосымша

 

Алматы облысының 2022 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау  көлемдері

 

 

№

 

Тауарлы балық өнімдерінің түрі

 

Өндіріс көлемі, сатып алу (тонна, дана)

Бір килограмм балық азығына, 1(бір) дана балық өсіру материалын сатып алуға, балық өсіру-биологиялық негіздеме  (БӨБН) алуға  субсидиялар сомасы (теңге)

 

Субсидия сомасы,

(мың теңге)

1

2

3

4

5

1.

Балық азығына бөлінетін субсидиялар:

 

 

 

1.1

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

200,0

270

19 440,0

1.2

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін

30,0

285

3 847,5

1.3

Жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін

31,0

210

2 343,6

2.

Албырт және бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін балық өсіру материалын сатып алу:

 

 

 

2.1

Бекіре тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана

23 064

250

5 766,0

2.2

Албырт тұқымдас ұрықтанған уылдырық дана  1 (бір) уылдырық

1343,2

5

6 716,0

 2.3

Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін дана 1 (бір) дана

907640

25

22 691,0

3.

Балық өсіру-биологиялық негіздеме  (БӨБН) алуды субсидиялау

1

500 000

500,0

4

Дәрілік заттарды сатып алуға кеткен шығындар

1739

5000

8 695,9

Барлығы:

 

 

70 000,0

 

Алматы облысының 2022 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
08 сентября 2022