«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы

                       

                                                                                                                        ЖОБА

 

 

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 17, 166 және 179-баптарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 36-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы №887 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – «Қонаев» ӘКК» АҚ) құрылсын.

  2. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жарғылық капиталы 5 500 000 000 (бес миллиард бес жүз миллион) теңге көлемінде қалыптастырылсын.

  3. 10 000 000 (он миллион) дана мөлшерінде жай акцияларды шығару туралы хабарлансын.

  4. «Алматы облысының қаржы басқармасы», «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жарғылық капиталының қалыптастырылуын қамтамасыз етсін.

  5. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  6. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті 100 (жүз) пайыз акционер құқығымен иелену және пайдалану құқығы берілсін.

  7. «Алматы облысының қаржы басқармасы», «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

  8. Осы қаулы «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімі деп саналсын.

  9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Дәндібаевқа жүктелсін.

         

Облыс әкімі                                                                                    М. Сұлтанғазиев

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Дата публикации
07 сентября 2022