Экономикалық өсім барлық негізгі салалар бойынша қамтамасыз етілген.
Өнеркәсіпте 1 478,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 111,8%-ті құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 101,3% өсіммен 1 037,5 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 354,7 млрд. теңгеге жетті немесе 2020 жылдың деңгейіне 109,7%.
Тұрғын үйлерді қолданысқа беру 106,2% өсіп, 1 019,2 мың.ш.м. құрады.
Облыс экономикасына 727,8 млрд. теңге инвестициялар салынды нақты көлем индексі – 102,0%.
бөлшек сауда айналымының көлемі 625,4 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне 100,9% жетті.
Тұтыну бағаларының индексі 108,2% құрады (ҚР – 108,4%), оның ішінде азық – түлік тауарларына – 109,9%, азық – түлік емес тауарларына – 108,4%, ақылы қызметтерге – 106,1%.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 108,4% орындалды, болжамдағы 710,8 млрд. теңгенің орнына 770,3 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 397,0 млрд. теңге (109,8%), жергілікті – 373,3 млрд. теңге (106,9%).
Бюджет шығыстары 805,5 млрд. теңгені құрап, 98,3% орындалды.
Экономиканың барлық салаларында 54 790 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты – 29 983.
