2021 жыл басына 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 419 826 адамды құрады, соның ішінде ауыл жастары 334 222 адамды немесе 79,6% (қала жастары – 85 604 адам немесе 20,3%).
2021 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін 684 млн.теңге, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 76 млн.теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2021 жылдың 2 тоқсанына облыста NEET санатындағы жастар саны 7,0%-ды құрады (2020 ж. 2 тоқсанда – 9,6%) (15-28 жас аралығындағы жастар арасынан 24900 адам-358 126 адам), олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған.
Осыған орай, «Жастар» ҒЗО әдіснамасы негізінде «NEET - жастар «Деректер базасы» ақпараттық жүйесі әзірленуде.
«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру
«Еңбек» бағдарламасы аясында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін қысқарту, жұмыспен қамту үшін жағдай жасау және жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылдың 1 қыркүйегіне «Еңбек» бағдарламасы аясында облыстың жұмыспен қамту органдарына 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 12792 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 10492 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 4943 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 115 адам қайтарымды қаражаттан шағын несие, 354 адам жаңа бизнес идеяларды дамыту үшін гранттар алды.
«Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қоғамдық жұмыстарға 29 жасқа дейінгі жастардан 3846 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 214 адам, жастар практикасына 1489 түлек жіберілді.
Жастар жұмыссыздығының деңгейі – 2021 жылдың 2 тоқсанында 3,4% құрады (9859 адам).
"Дипломмен ауылға" бағдарламасын жүзеге асыру
2021 жылы несие көлемі 4 млн. 375,5 мың теңгені құрайды, республикалық бюджеттен 565 маманға 2,5 млрд., жергілікті бюджеттен 5 маманға 20,3 млн. теңге бөлінді.
Көтерме жәрдемақы (100 АЕК=291 700 теңге) бойынша жергілікті бюджеттен 990 маманға 288,8 млн.теңге бөлінді.
2021 жылдың 1 қыркүйегіне көтерме жәрдемақыны 752 маман 219,4 млн.теңгеге, бюджеттік несиені 473 маман 2,1 млрд.теңгеге алды.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру
2021 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 151 млн.580 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар, тамыз айында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Жол картасындағы мақсатты индикаторды орындау мақсатында қосымша 10 млн.теңге бөлінді. Жалпы барлығы 161 млн. 580 мың теңгені құрады.
«Жасыл ел» қатарында жұмыссыз, студент, маргиналды, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі топтардан шыққан жастар жұмыс істеді.
«Жасыл ел» штабы ХVІI маусымдық еңбек жұмысын шілде айынан бастады. Шілде айында 944 жас жұмыспен қамтылды. Тамыз айында жұмысқа ниет білдірген жастардың саны 939 адамды құрады.
Жалпы, екі ай ішінде 1883 жас жұмыспен қамтылды. Қазан айында 117 жас азаматты жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.
Жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру.
2020-2021 жылдары жастардың 85 стартап-жобаларын іске асыруға жалпы сомасы 190 млн.теңгеге мемлекеттік грант бөлінді.
Жұмыс істейтін және студент жастардың тұрмыс жағдайларын жақсарту.
Алматы облысында өңірде жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй салу және беру жөніндегі мәселелері қарастырылып, өңірлік «Жетісу Жастары» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаның негізгі талаптары, қарыз сомасы 10 млн.теңгеден аспайтын және кепілдік қамтамасыз ету жеткілікті болған жағдайда бастапқы жарна- 0%, қарыз бойынша сыйақы ставкасы-5%.Аталған бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алатын болады деп күтілуде.
2019-2020 жылдары облыста 818 орындық 4 жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2022 жылдың соңына дейін облыста 1000 орындық жаңа студенттер жатақханаларын салуды қамтамасыз ету қарастырылған.
ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру
ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауындағы «Ұлттың ұйысуы-одан әрі дамудың басты факторы» 7-бағытын жүзеге асыру шеңберінде жастарды білімге, еңбекқорлыққа, бірегейлік пен жауапкерлішікке тарту мақсатында төмендегі іс-шаралар атқарылуда.
«Намыс» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде ММА бойынша әлемдік аренада өнер көрсететін Қазақстанның танымал спортшылар мен маргиналды жастардың кездесулері ұйымдастырылды.
-облыстың барлық аудандары мен қалаларында 7000 адамды қамти отырып, «Жетісу Жайдарман» КТК лигасы құрылды, нәтижесінде республикалық лигаларда облыстың кемінде 30 командасы ойнайтын болады.
-«Патриот» бокс бойынша реалити-шоу.
-қазіргі заманғы би түрлері бойынша конкурс.
-20 номинация бойынша Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы» сыйлығы.
Жастар туризмін дамыту мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Жастар шыңы» туристік жорығы ұйымдастырылды. Жорық аясында Алматы облысының Жоңғар Алатауында теңіз деңгейінен 3527 метр биіктікте орналасқан таудың басына «Жастар шыңы» атауы берілді.
Жыл басынан бері жастарды мәдени, патриоттық тәрбиелеу, бос уақытын тиімді үйлестіру, рухани-адамгершілік, құқықтық тәрбие, мектеп, студент жастармен және ҮЕҰ-мен жұмыс бойынша 3290 іс-шара өткізілді.