Облыстың 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өсім облыс экономикасының барлық негізгі салалары бойынша қамтамасыз етілді.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,2% (1 орын, ҚР – 103,9%) құрады.

Өнеркәсіпте 1 208,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 113,3%-ті құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 101,8% өсіммен
902,7 млрд. теңгені құрады (3 – орын, ҚР-97,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 260,8 млрд. теңгеге жетті немесе 2020 жылдың деңгейіне 107,9% (7 – орын, ҚР-107,6%).

835,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,6% артық (14 орын, ҚР – 107,9%).

Облыс экономикасына 536,9 млрд. теңге инвестициялар салынды нақты көлем индексі – 100,7% (12 орын, ҚР – 107,9%).

Ішкі сауда көлемі 21,6% – ға артып, 1 072,4 млрд.теңгені құрады (2-орын, ҚР-109,5%).

Тұтыну бағаларының индексі 106,5% құрады (ҚР – 107,0%), оның ішінде азық – түлік тауарларына – 107,7%, азық – түлік емес тауарларына – 106,5%, ақылы қызметтерге – 105,0%.

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 104,7% орындалды, болжамдағы 577,5 млрд. теңгенің орнына 604,7 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 312,1 млрд. теңге (103,0%), жергілікті – 292,7 млрд. теңге (106,6%).

Бюджет шығыстары 589,8 млрд. теңгені құрап, 98,2% орындалды.

Экономиканың барлық салаларында 51 988 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 28 325.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп көлемі
1,5 трлн. теңге, ал ауыл шаруашылығы мен ішкі сауда көлемі бір триллион теңгеден асады.

Бір млн.шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Облыстың 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Дата публикации
16 ноября 2021