Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  2. «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы тармақтың      1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.

  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс  әкімі                                                                        А. Баталов

 

 

 

 

Алматы облысы әкімдігінің

2021 жылғы «___»__________»

№______ қаулысына қосымша

Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

  1. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 83 «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай - ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 наурызда № 2639);

  2. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 281 «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 12 тамызда № 2804 болып тіркелді);

  3. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 452 «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы (Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 13 қаңтарда № 2993 болып тіркелді);

  4. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 73 «Субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 ақпанда № 3070 болып тіркелді);

  5. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 215 «Өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 маусымда № 3236 болып тіркелді);

  6. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 151 «Субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 4202 болып тіркелді).

 

Дата публикации
03 ноября 2021