Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының
3) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Іле ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының
    әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы өзгертіліп, Алматы облысы Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына берілсін.
  2. Іле және Талғар аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдары осы бірлескен шешім мен қаулыны орындау бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдаливке жүктелсін.
  4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
08 апреля 2021