«Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» 2021 жылы 25 наурызындағы №6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 104-бабының 2-бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»,  2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68  «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»  қаулыларына сәйкес, Қазақстан Республикасы, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттану жөніндегі, эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, соңғы 7 күнде Алматы облысының 100 мың тұрғынына шаққанда жағдай саны – 35,1, R саны – 1,1 құрады.  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу  шараларын күшейту  туралы»  2021ж. 25 наурызындағы №6 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 2-тармақ мынадай мазмұндағы 2.6-тармақшамен толықтырылсын:

«2.6 қашықтықтан оқыту нысанын (онлайн) қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін дәстүрлі форматта оқытуды тоқтата тұру.»;

  • 7-тармақтың 7.24-тармақшасында «Орта білім беру объектілері:» деген сөйлем  «Меншіктің барлық нысандарындағы орта білім беру объектілері:» деген сөйлеммен ауыстырылсын;
  • 7-тармақта 7.25-тармақша алынып тасталсын;
  • 13 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«13. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:

13.1 осы қаулының талаптарын қатаң орындау;

            13.2 ҚР БМСД №67 қаулысында көрсетілген алгоритмдерге сәйкес, жинау мен дезинфекция жүргізудің күндізгі кестесін әзірлеу, бірақ жұмыс ауысымына 2 реттен кем емес;

13.3 жексенбі күндері үй-жайлар мен іргелес аумақты күрделі жинау және дезинфекциялау жүргізу;

13.4 қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараздар, косметология, химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу және т.б.) және қоғамдық тамақтану саласындағы объектілерге келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны зарарсыздандыру аспаптарын (экрандалған бактерицидті сәулелегіштер, рециркуляторлар) орнату ұсынылады.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы 2021 жылы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
«Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» 2021 жылы 25 наурызындағы №6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
29 марта 2021