2020 жылғы аумақты дамыту пасспортының мониторингі

Алматы облысын дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 51-288 шешімімен қабылданды (облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қаңтардағы №62-328 шешімімен енгізілген өзгерістермен).

Бағдарламада 11 мақсатқа және 48 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген, оның ішінде 40 индикатор - Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес (19.12.18 ж. №104).

2020 жылы бағдарламаның 11 мақсатының 2-еуіне толық, 9-ына ішінара қол жеткізілді, 40 нысаналы индикаторлардың 20-сына қол жеткізілді, 5-еуі орындалмады, 15 индикатор бойынша ресми статистикалық деректер кейінірек берілетін болады.

Экономика

"Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету" стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін 6 нысаналы индикатор жоспарланған, оның 1-еуіне қол жеткізілді, 5 индикатор бойынша ресми статистикалық деректер жоқ.

"Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі" индикаторы бойынша нысаналы көрсеткіш 101,0 %-тен кем емес, 2020 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім 2370,3 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3%-ті, нысаналы мәні 1775,8 мың теңге кезінде халықтың жан басына шаққанда 1148,6 мың теңгені құрады.

2020 жылғы жалпы өңірлік өнім деректерін Статистика комитеті есепті тоқсаннан кейінгі 100-ші күні ұсынатын болады.

"Өткен жылға еңбек өнімділігінің өсуі" индикаторы бойынша 2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деректер 2021 жылғы мамырда жарияланатын болады.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 24,0 мың АҚШ долларын құрады, НКИ – 107,9%, ауыл шаруашылығында бір жұмыспен қамтылған адамға – 1739,6 мың теңге немесе 106,4%.

"Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі" индикаторына қол жеткізілді (нысаналы мәні жыл қорытындысы бойынша кемінде 110%), көлемі 2019 жылға қарағанда 26,8% өсіммен 279,9 млрд.теңгені құрады, көрсеткішті жоспарланған мақсаттан асыра орындау 115,3% -ті құрады.

Өсімнің ұлғаюына акцизделетін өнімдер өндірісін, темекі өнімдерін өндірушілерден түсетін біржолғы түсімдерді, заңды тұлғалардан мүлік салығының жоспарлы түсімдерін ұлғайту, әкімшілеуді қатаңдату және басқа да біржолғы түсімдер есебінен жеке тұлғалардан көлік құралдары салығының өсуі есебінен қол жеткізілді.

"Қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі" индикаторы бойынша 2020 жылғы жылдық статистикалық деректер 2021 жылғы 28 тамызға, "Нақты ақшалай кірістердің индексі" - 1 қазанға, "Үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына тұтынушылық шығысына арналған шығыстарының құрылымы" индикаторы бойынша  - 2021 жылғы 12 сәуірге жасалып, ұсынылатын болады.

Өнеркәсіп және инвестициялар тарту

"Өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және инвестициялар тарту" стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін 4 нысаналы индикатор жоспарланған, оның ішінде 2 индикаторға қол жеткізілді, 1 индикаторға қол жеткізілмеген, "Тауарлардың шикізаттық емес экспортының көлемі" индикаторы бойынша ресми статистикалық деректер жоқ (2020 жылғы деректер 2021 жылғы сәуірде жарияланатын болады), жоспарлы 331,9 млн, АҚШ доллары кезінде 2020 жылдың 11 айында көлем 330,9 млн. АҚШ долларын құрады.

"Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік өндірісінің индексі" индикаторы 102,7% - ті құрады, жоспар 100% орындалды.

Тамақ өнімдері өндірісі 3,5%-ке, сусындар өндірісі 2,3%-ке, фармацевтика өнеркәсібі 10,2%-ке, дайын металл бұйымдары өндірісі 25,3%-ке, машина жасау өндірісі 1,3 есе, оның ішінде электр жабдықтары өндірісі 1,5 есе, металлургия өнеркәсібінде алюминий өндірісі 1,8 есе өсті.

42 жаңа нысан іске қосылды, жұмыс істеп тұрған 18 өндіріс кеңейтілді, қосымша 1476 жұмыс орны құрылды.

Индустрияландыру картасы аясында 2 818 жұмыс орнын құра отырып, 128,7 млрд.теңге сомаға барлық жоспарланған 20 нысан іске қосылды ("Жетісу Мажико" агрокешені", "ТКМЗ", "AGRITECH" және "Жетісу Соя" майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыттары, "NauryzAgro" бройлер бағытындағы құс фабрикасы, "Алатау-Құс" құс фабрикасы және "Салем-құс" бөдене жұмыртқасын өндіретін құс фермасы, "OTAN GreenFood" ет бағытындағы құс фабрикасын қайта жаңарту, "SSA FEED MILLS" құрама жем зауыты және т. б.).

Трансұлттық компаниялардың қатысуымен республикалық тізбеге кіретін тоғыз жобаның төртеуі іске қосылды: "ЛУКОЙЛ" майлау материалдарын өндіру зауыты, "МАРЕВЕН ФУД" макарон өнімдерін өндіру зауыты, "WILO" орталық жылытуға арналған сорғы жабдықтарын өндіру зауыты, "SSA FEED MILLS" құрама жем өндіру зауыты.

Құрылыс материалдары бойынша жергілікті қамту үлесі жоспарлы 95,4% кезінде 95,7%-ті, жеңіл өнеркәсіпте – жоспарлы 54,8% кезінде 73,2%-ті, жиһаз өнеркәсібінде – жоспарлы 64,3% кезінде  67,0%-ті құрады.

"2016 жылға негізгі капиталға инвестициялар" индикаторына қол жеткізілген жоқ.   Коронавирустық инфекция пандемиясына және шекаралардың жабылуына байланысты "СТК Sokol" ЖШС (жобаның құны 74,0 млрд.теңге), "Шин Лайн" ЖШС (40,3 млрд. теңге), "Прима Кус" ЖШС (15 млрд. теңге) сияқты ірі инвестициялық жобаларды іске асыру және іске қосу мерзімдері ауыстырылды. Сондай-ақ, "Қорғас" ШЫХО және "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА аумағында жобаларды іске асыру тоқтатылды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар жан басына шаққанда 329,6 мың теңгені құрап, 2019 жылға қарағанда 3,1% -ке өсті.

Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар 9,4% - ке төмендеп, 412,1 млрд.теңгені құрады. Жалпы көлемдегі сыртқы инвестициялардың үлесі 21,8%-тен 13,2%-ке төмендеп, 89,9 млрд.теңгені құрады (2019 ж. - 140,8 млрд.).

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымында негізгі үлес салмағы бюджеттен тыс инвестицияларға тиесілі – бюджеттік инвестициялардың 30,1%-іне немесе 204,7 млрд. теңгеге қарсы 476,0 млрд.теңгені немесе 69,9%-ті құрап отыр.

"Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді талап етпейтін жобалардың үлесі" мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобалардың жалпы саныың 40%-тін құрады (жоспар - 40%).

2020 жылы жалпы сомасы 10,5 млрд.теңгеге 10 МЖӘ шарты жасалды, онда тартылған инвестициялардың мөлшері 8,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде мемлекеттік міндеттемелерді талап етпейтін төрт жоба бар, оның ішінде екі жоба - білім беру саласында және екеуі - денсаулық сақтау саласында.

Ауыл шаруашылығы

"АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау" мақсатына қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикатор жоспарланған, оның ішінде 2020 жылы – 1 индикаторға қол жеткізілді, өңделген ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бойынша ресми статистикалық деректер 2021 жылғы наурызда дайын болады. 

"Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі" индикаторы 102,2% жоспар кезінде 102,3% немесе 917,8 млрд.теңгені құрады.

40,4 млрд.теңге сомаға 34 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 10 жоба – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын субсидиялауға 46,2 млрд.теңге бөлінді.

Басым дақылдардың егістік алқаптары ұлғайтылды, ресурс үнемдеу технологияларын қолдану алаңдары кеңейтілді.

Мал мен құстың барлық түрлерінің саны өсті, ет өндірісі 2,2%-ке (388,7 мың тонна), сүт – 3,2%-ке (813,6 мың тонна) өсті.

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында 5 кәсіпорынның өндірісі жаңғыртылды, нәтижесінде азық-түлік тауарлары экспортының көлемі 2019 жылдың 11 айымен салыстырғанда 20,6%-ке ұлғайды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

1 мақсат, 2 нысаналы индикатор көзделген, олар бойынша ресми статистикалық деректер 2021 жылғы сәуірде ұсынылатын болады.

2020 жылы "Бизнестің жол картасы", "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде және "Даму" қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдауға 14,9 млрд.теңге бөлініп, игерілді.

"Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы аясында 7,7 млрд.теңге бөлініп, игерілді. Оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы несие сомасы 39,2 млрд. теңгені құрайтын 225 жоба мақұлданды, 447 жұмыс орны құрылды;

- ішінара кепілддендіру бойынша – 1,2 млрд.теңге. 13,0 млрд. теңге кепілдік сомасына 298 жоба мақұлданды, 380 жұмыс орны құрылды;

- гранттар беру бойынша – 222,0 млн.теңге. 183 жұмыс орнын құру көзделген 99 жоба мақұлданды.

– жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша 22 нысанға 4,0 млрд.теңге бөлінді (РБ – 2,2 млрд. теңге, ЖБ-1,8 млрд. теңге).

"Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 6,2 млрд.теңге бөлініп, игерілді. Барлығы 1286 адам 5,6 млрд. теңгеге шағын несие алды. 2020 жылғы қаражаттан - 4,7 млрд.теңгеге 1088 адам (4,5 млрд. теңгеге 1064 ауыл тұрғыны, 239,2 млн. теңгеге 24 қала тұрғыны) несие алды. Қосымша 1315 жұмыс орны құрылды.

Төтенше жағдай кезеңінде бизнесті қолдау үшін бағдарламалармен қатар "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ-мен бірлесіп" Жетісу" шағын және орта бизнесті қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы іске қосылды, 1,0 млрд.теңге бөлініп, игерілді (жергілікті бюджеттен 500,0 млн. теңге және Қор бюджетінен 500,0 млн. теңге). Қорландыру "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-да (500,0 млн.) және "ForteBank" АҚ-да (500,0 млн. теңге) жүзеге асырылды.

Әлеуметтік сала

Білім беру

1 мақсат, 4 нысаналы индикатор көзделген, оның 2-уіне қол жеткізілді.

"PISA тестінің нәтижелері бойынша мектептік тексеру сапасын бағалау" нысаналы индикаторына қол жеткізілді (математика бойынша жоспар - 399, нақты - 399, оқу бойынша жоспар -  360, нақты - 360, ғылым бойынша жоспар - 380, нақты - 380).

PISA-2018 қатысушылары жаңартылған мазмұнға көшуге үлгермеген оқушылар болды. Нәтиже үш жылда 1 рет есептеледі.

Көрсеткішті жақсарту үшін Алматы Менеджмент Университетімен бірлесіп, мектеп басшыларына арналған менеджмент курстарын өткізу жоспарлануда, "әлсіз" мектептердің басшыларымен тәлімгерлік жұмыс жүргізетін "күшті" мектептердің директорлары қатарынан "Мобильді директор" тобы ұйымдастырылды.

Облыста 901 балабақша мен 335 шағын орталық бар, онда 118,1 мың бала тәрбиеленуде.

Жоспарланған 18482 орын кезінде бір жыл ішінде 6977 орындық 101 балабақша мен 6 шағын орталық ашылды. Пандемияға байланысты жоспарланған орындар ашылмады.  Нәтижесінде "Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту" жоспарлы 98,9% кезінде 98,0%-ті құрады.

2020 жылы 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілді, оның ішінде 17 мектеп, оның 11-і - үш ауысымдық мектептің орнына, 4-еуі колледж және ЖМУ студенттеріне арналған жатақхана, 5-еуі – басқа да нысандар.

15 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 7 мектеп, оның 4-еуі үш ауысымды мектептер, 4 жатақхана және 4-еуі өзге нысандар.

2020 жылдың 1 қаңтарына 38 үш ауысымды мектеп болған, оның ішінде жүргізілген құрылыс есебінен үш ауысымды 3 мектеп (Жамбыл ауданы Жайсаң а., Іле ауданы Түймебаев ауылы және Қарасай ауданы Шамалған станциясы) жойылды.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 жаңа үшауысымды мектеп анықталды, нәтижесінде олардың саны жоспарда көрсетілгендей 48 бірлікке жетті.

Алайда, 2020 жылдың қараша айында Жамбыл ауданының Жайсаң ауылында қосымша құрылыс пайдалануға берілді, оны 2021 жылға іске қосу жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, 2020 жылдың желтоқсан айында тағы 2 мектеп үш ауысымдыға айналды - Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Абылайхан атындағы орта мектеп және Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Бердіғұлов атындағы орта мектеп. Осыған байланысты үш ауысымды мектептер саны 49 бірлікке жетті.  Индикаторға қол жеткізілген жоқ.

2020-2021 оқу жылында дуальді оқыту 38 колледжде енгізілді. Облыстың 487 кәсіпорнымен шарттар жасалды. Мемлекеттік грант бойынша барлығы 19471 студент оқиды, оның ішінде 2350 студент дуальді оқытумен қамтылған. Индикаторға қол жеткізілді – 12,1% (жоспар – 12,1%).

 

Денсаулық сақтау

1 мақсат және 3 нысаналы индикатор көзделген, оның ішінде 2-еуіне қол жеткізілді, "Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы" индикаторы бойынша жылдық статистикалық деректер 2021 жылғы мамырда жасалып, ұсынылатын болады.

"100 мың тірі туылғандарға шаққанда ана өлімі" индикаторына қол жеткізілген жоқ және нысаналы мәні 22,30 кезінде 28,80 оқиғаны құрады (алдын ала деректер бойынша).

Облыста 2020 жылы ана өлімінің 14 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 10 оқиға кезінде өлімге СОVID-19 вирусы себеп болды, жоспарлы көрсеткіш 1,3 есе асты.

Медициналық көмек көрсету сапасы босандыру қызметінің кадрлармен жасақталуына байланысты. Облыс бойынша кадрларға қажеттілік 381 дәрігерді құрайды, оның ішінде акушер-гинекологтар – 21, анестезиолог-реаниматологтар – 26.

"1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәресте өлімі" индикаторына қол жеткізілді, нысаналы мәні – 8,40, нақты мәні – 7,72 (2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда). 2020 жылғы жылдық деректер 2021 жылғы сәуірде жарияланады.

2020 жылы Талдықорған қаласында 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында ауысымда 100 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана, 10 дәрігерлік амбулатория және бір медициналық пункт салынды. Жалпы, құрылысқа 11,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде: РБ – 3,9, ішкі қарыздар – 6,8, ЖБ - 1,2 млрд.теңге.

2,9 млрд. теңгеге 7 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. 6 нысанның құрылысы аяқталды, 1 нысан - Талдықорған қаласындағы №1 қалалық емхана 2021 жылға ауысқан нысан.

Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлінді.

Цифрландыру бойынша облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде интернет желісіне 100% қолжетімділік қамтамасыз етілген, аудандық деңгейден төмендер – 96,0%. Компьютерлермен қамтамасыз етілуі 100%-ті құрайды.

Қағазсыз құжат айналымы 53 медициналық ұйымға енгізілді, 223 нысан электрондық форматқа көшірілді, электрондық денсаулық паспорттарымен қамту 98,3% - ті немесе 1993,2 мың адамды құрайды.

Облыстың барлық медициналық мекемелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшті.

Нәтижесінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста бала туу көрсеткіші 5,1% - ке артты. Жалпы өлім-жітім 17,5% – ке, нәресте өлімі 5,0% - ке артты.

 Халықты әлеуметтік қорғау

1 мақсат, 6 нысаналы индикатор көзделген, оның ішінде 3 индикаторға қол жеткізілді, 3 индикатор бойынша ресми статистикалық деректер жоқ.

2020 жылы 60682 жұмыс орны құрылды немесе жоспарға 123,8% (жоспар – 48999 бірлік), оның ішінде 33409 тұрақты.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа форматы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға 18,5 мың отбасына (95,2 мың отбасы мүшелеріне) 8,7 млрд.теңге сомасында АӘК төленді.

АӘК алушылар ішінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен 1,2 млрд.теңге сомасына 19,6 мың бала қамтамасыз етілді (218,5 мың пакет таратылды).

Облыста 67,3 мың мүгедек тұрады, 2041 орынға арналған стационарлық үлгідегі 10 мекеме жұмыс істейді, онда 2012 адам қызмет көрсетумен қамтылған.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 46 бөлімше жұмыс істейді, олармен 4446 адам қызмет алды.

Үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен үйде 186 адам, күндіз болу жағдайында 203 адам қамтылды.

Жартылай стационар жағдайында мүгедек балаларға қызмет көрсететін 190 орындық 3 күндізгі бөлімшеде өткен жылы 207 мүгедек бала қызмет алды.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 25 орындық мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығында Талғар ауданындағы 30 мүгедек бала көрсетілетін қызметтермен қамтылды.

Талдықорған қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді. 195 адам қызмет алды.

2014 жылдан бастап Талдықорған қаласында белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған 150 орындық әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істейді, өткен жылы 203 адам қызмет алды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7482 адам қамтылды, мұқтаждардың көрсетілетін қызметтермен қамтылғандардың үлес салмағы 99,6%-ті құрады.

Облыста «Инватакси» қызметінің 39 автокөлігі бар. Олар 2864 азаматқа қызмет көрсетті немесе 1-топтағы мүгедектердің жалпы санының 38,6%-ті (7414 адам), олардан 80,8 мың өтініш түсті, 100,0% орындалды.

Мәдениетті, бұқаралық спортты және туризм индустриясын дамыту

1 мақсат, 3 нысаналы индикатор көзделген, оның ішінде 2 индикаторға қол жеткізілді, 1 индикатор бойынша ресми статистикалық деректер жоқ.

Мәдениет

«1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны: кітапханалар, мұражайлар» нысаналы индикаторы бойынша жылдық статистикалық деректер қалыптастырылып, 2021 жылғы наурызда, концерттік ұйымдар 2021 жылғы сәуірде ұсынылатын болады.

«Мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны 1000 адамға: театрларға» нысаналы индикаторына қол жеткізіліп, 4,1 адамды құрады.

2020 жылы Алакөл ауданында Лепсі тарихи мұражайы ашылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Жамбыл ауданының Сұраншы батыр ауылы мен Сарқан ауданының Қарабөгет ауылындағы мәдениет үйлерінің ғимараттары қайта жаңартылды.

20 мәдениет және архивтер объектілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 17 объекті (МҮ-16, архив-1) аяқталды, Ескелді ауданының Бақтыбай, Кербұлақ және Бесағаш ауылдарындағы мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстары - 2021 жылға өтпелі.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 408,3 млн.теңгеге 32 мәдениет және мұрағат объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Мәдениет және архивтер мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 444,6 млн.теңге бағытталды.

47,2 мыңнан астам түрлі іс-шаралар өткізілді.

Спорт

«Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі» нысаналы индикаторына қол жеткізілді, жоспар бойынша 56,9% - ке факт-58,6% – ті құрады.

2020 жылы Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейні және Ескелді ауданының Қарабұлақ, Қарасай ауданының Райымбек, Көксу ауданының Балпық би ауылында 3 ДСК іске қосылды.

2021 жылға өтпелі 5 ДСК - Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы, Алакөл ауылы, Балқаш ауданы Бақанас ауылы, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы, Шонжы ауылы.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың үлесі облыс халқының жалпы санының 31,5% - ін құрады.

«ЖҚЖК» бағдарламасы бойынша 2 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді (Еңбекшіқазақ ауданы Бижанов ауылындағы спорт кешені және Талдықорған қаласындағы облыстық олимпиадалық резерв мектебінің лукадромын қайта жаңарту).

46,0 мың адамды тарта отырып, 570 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

 

Туризм

«Өткен жылмен салыстырғанда орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын ұлғайту» 1 нысаналы индикатор көзделген. Бұл индикаторға қол жеткізу ықтималдығы жоғары. Жылдық статистикалық деректер 2021 жылғы наурызда қалыптастырылып, ұсынылатын болады.

Облыс аумағында бір жолғы сыйымдылығы 27 мың орыннан асатын туризм инфрақұрылымының 803 объектісі жұмыс істейді.

2020 жылы облысқа 1,3 млн.адам келді, бұл өткен жылдың деңгейінен 43% – ке төмен (2019 ж. - 2,3 млн. адам). Ақылы туристік-сауықтыру қызметтері 9,6 млрд. теңгеге көрсетілді, бұл 2019 жылғы деңгейден 39% - ке төмен.

Туризм саласындағы көрсеткіштердің төмендеуі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты 2020 жылы қабылданған шектеу шараларына байланысты.

259 жұмыс орнын құрумен 4,1 млрд. теңге жеке инвестициялар сомасына 24 туризм нысаны пайдалануға берілді.

2020 жылы келесі құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 28,6 млрд. теңге бөлінді:

- Алакөл көлі жағалауындағы кәріз жүйелері, кәріздік тазарту құрылыстары, бірінші кезең-1 млрд. теңге (РБ - дан - 900 млн. теңге ЖБ-дан-100 млн. теңге);

- демалыс аймағын ескере отырып, Алакөл көлі жағалауының сумен жабдықтау жүйелері (Ақши ауылы) - 1 млрд. теңге (РБ - дан-900 млн. теңге, ЖБ - дан-100 млн. теңге);

- Алакөл көлін қоршайтын бөгет (ЖБ-2,2 млрд. теңге);

- «Қабанбай-Көктұма» автомобиль жолын орташа жөндеу 44-58 және 64-97 км (ЖБ-747 млн. теңге);

- «Талдықорған-Өскемен-Қалбатау» автомобиль жолын қайта жаңарту (313,5 км) - 12,6 млрд. теңге (РБ);

- «Үшарал – Достық» автомобиль жолын қайта жаңарту (0-60 км) - 11,1 млрд.теңге (РБ).

Алматы тау кластерінің Мастер-жоспары әзірленді, өңірдің тау-кен және экотуризмді дамыту үшін әлеуетті орындар іріктелді.

Алматы тау кластерінің Талғар локациясында «Ой-Қарағай Лесная сказка – Апорт – Ақтас» және «Ақ бұлақ» ТОК дамытудың Жол карталары әзірленіп, бекітілді.

Жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге 9 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, 109 жұмыс орны құрылды.

Туристік бағыттарда 32 санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату бойынша жұмыстар аяқталды.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

«Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» мақсатына қол жеткізу үшін 3 нысаналы индикатор жоспарланған, оның ішінде 2-еуіне қол жеткізілді.

«Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы» жоспарлы  12,3% кезінде 13,7% - ті құрады.

Көшелерде жасалған қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 34% - ке (2996-дан 1976-ға дейін) азайды. Бұл ретте, карантиндік іс-шаралардың енгізілуіне байланысты қылмыстардың жалпы санының пайызы да төмендеп, 2019 жылғы деңгейге қарағанда 36,3% - ті құрады (2019ж.-22652; 2020ж.-14426).

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандар мен қалалардың қоғамдық орындарында полиция департаментінің пультіне шығарылған бейнебақылау камераларын орнату жалғасуда (1268, оның ішінде Талдықорған қаласы-871). Тағы 250 камера (627,6 млн.теңге) орнатылуда: Текелі қаласында – 50, Қарасай ауданында - 150, Панфилов ауданында – 50.

«10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі» көрсеткішіне қол жетті және 70% - ті құрады (нысаналы мәні 133%).

Көрсеткішке қылмыстардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге (жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу), сондай-ақ тіркелген қылмыстардың жалпы санын 36,3% - ке (22652-ден 14426-ға дейін) төмендету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде қол жеткізілді.

«Облысты су тасқыны мен су тасқынына, селге, көшкінге, жер сілкінісіне, өртке қарсы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі» жыл қорытындысы бойынша 64,4%-ті  немесе жоспарға 100% құрады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізу мақсатында су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын жөндеу, күшейту, түбін тереңдету және кеңейту бойынша 3 іс-шара өткізілді, оған жергілікті бюджет қаражатынан 586,5 млн.теңге бөлінді, 287,3 млн. теңге сомасына өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша 20 іс-шара және 512 млн. теңге сомасына Қарабұлақ кентінде ОАА сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу бойынша 1 іс-шара.

Инфрақұрылым

1 мақсат және 6 нысаналы индикатор көзделген, барлық индикаторларға қол жеткізілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу жоспарлы 19,7 ш. м. кезінде бір адамға 20,2 ш. м. құрады.

Құрылыс жұмыстарының НКИ жсопарлы 103% кезінде 106,8%-ті құрады, жұмыс көлемі 310,2 млрд.теңгені құрады. Индустрияландыру картасы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «ЖҚЖК» бағдарламаларын іске асыру аясында Чажа өзенінде 2-ГЭС құрылысы және газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

957,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді немесе жылдық жоспарға 101,9% (938,8 мың шаршы метр) және 2019 жылғы деңгейге 6,9% – ке өсті, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 116,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: кредиттік – 50,8, жалға берілетін – 40,4, коммуналдық-25,4 мың шаршы метр.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 53,2%-ті құрады. Индикаторға қол жеткізілді. Көп қабатты тұрғын үйлердің саны – 5403,1 мың шаршы метр (3581 бірлік), оның ішінде күрделі жөндеуді қажет ететіні -1349,7 мың шаршы метр (1905).

Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу 98,3%-ті құрады, индикаторға қол жеткізілді. Жылына бір рет есептеледі. 2020 жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламалары шеңберінде сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 109 жобаны іске асыруға 16,8 млрд.теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 31 жобаны қайта жаңартуға және құрылыс салуға– 5,0 млрд. теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 66 жобаны іске асыруға – 10,6 млрд. теңге, «Ауыл - Ел бесігі» және жергілікті өзін-өзі басқару бойынша 12 жобаны күрделі және ағымдағы жөндеуге - 1,1 млрд. теңге. 

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға облыстың 3,0 мың адам тұратын 4 ауылының тұрғындары қол жеткізді. 704 км су құбыры желілері салынды және қайта жаңартылды.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 84% – ті құрады, индикаторға 35,8 км жолды салу және реконструкциялау, 4 км күрделі жөндеу, 379,3 км орташа жөндеу, 301 мың ш.м. облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу және 347 елді мекендердегі 773,4 км кентішілік жолдарды жөндеу есебінен қол жеткізілді.

Экология және жер ресурстары

1 мақсат және 3 нысаналы индикатор көзделген, барлық индикаторларға қол жеткізілді.

«Қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» индикаторы бойынша 47,0% - ті құрап, жоспар 100% - ке орындалды.

Облыс аумағында жыл сайын 1 млн.тоннадан астам ҚТҚ түзіледі, оның 500 мың тоннасы Алматы қаласының аумағынан түседі. ҚТҚ қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын 16 кәсіпорынның деректері бойынша 600 мың тонна ҚТҚ жиналды, оның 102,0 мың тоннасы қайта өңделді және кәдеге жаратылды.

«Экологиялық талаптар мен Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)» индикаторы 4,48% жоспар кезінде 4,5% - ті құрады.

Облыста 313 сақтау және көму орны бар, оның ішінде 14 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келеді. ҚТҚ жинау мен шығаруды 75 ұйым қамтамасыз етеді. ҚТҚ шығарумен қамту 83,3%-ті құрайды. Қалалар, аудан орталықтары мен ірі елді мекендер ұйымдасқан шығарумен толық қамтылған.

«Халықты Ағынды суларды тазартумен қамту» индикаторы 32,7% жоспар бойынша 32,4% құрады.

2020 жылы «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында су бұру бойынша 11 жобаны іске асыруға 3 млрд.теңге бөлінді және игерілді. 140 км су құбыры желілері салынды және қайта жаңартылды.

 

2020 жылғы аумақты дамыту пасспортының мониторингі
Дата публикации
26 февраля 2021