ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

2020 жылғы 29 маусымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа "Әкімшілік рәсімдік - процестік кодекске" (бұдан әрі-Кодекс) қол қойды.

Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, атап айтқанда, "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңдар өз күшін жояды.

ӘРПК қабылдау мақсаты

  1. Басқарушылық қызметте конституциялық құндылықтарды жүзеге асыру.
  2. Мемлекетпен қатынастарда азаматтардың жария құқықтарын іске асыру және қорғау
  3. Мемлекеттік әкімшіліктің тиімділігін арттыру
  4. Әкімшілік құқықты жүйелеу

 

ӘРПК әкімшілік орган мен оған қатысты осы әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Әкімшілік орган - мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) жасау жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де ұйым.

 

ӘРПК құрылымы

1-бөлім " Жалпы ережелер»

2-бөлім "Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері»

3-бөлім " Әкімшілік рәсім»

12-тарау " Оңайлатылған әкімшілік рәсім»

4-бөлім " Әкімшілік сот ісін жүргізу»

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
Дата публикации
09 декабря 2020