Өңірлік геоақпараттық жүйе
Өңірлік геоақпараттық жүйе
2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Бұл картаға ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, ирригациялық желілер, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - ӨГАЖ) құрылды, ол бар барлық салалық деректер мен кадастрлар базаларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Бұл ретте электрондық карта жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласында электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету үшін платформа болып табылады.
ӨГАЖ көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болады.
Қазіргі уақытта басқарма тарапынан құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, басқармаларымен және ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етеді. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру құрылыс, топотүсірілім беру, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. мақсаттар үшін жер учаскелерін беру бойынша онлайн қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында - 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады.