Жиі қойылатын сұрақтар

Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі.

      Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай құрылымнан тұрады:

      1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы;

      2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны;

      3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар;

      4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы;

      5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;

      6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны;

      7) "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелді) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге мамандар саны;

      8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы;

      9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.

       Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) 1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар;

      2) 2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары;

      3) 3-бөлім – ұлттық спорт түрлері;

      4) 4-бөлім – мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттық іс-шаралар;

      5) 5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері;

      6) 6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері;

      7) 7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері;

      8) 8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері;

      9) 9-бөлім – дене-шынықтыру спорт ұйымдары өткізетін іс-шаралар.

      Алдағы жылға арналған Бірыңғай республикалық күнтізбеге осы қағиданың 9-тармақтағы 3, 4, 5, 6, 7 және 8 бөлімдерге енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары, осы қағиданың 9-тармақтағы 1, 2 және 9 бөлімдерге өзге дене шынықтыру-спорт ұйымдары береді.

     Бірыңғай өңірлік күнтізбеге алдағы жылға енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді.

      Спорттық іс-шараны Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) спорт түрінен (түрлерінен) республикалық, өңірлік, жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының өтінішхаты;

        2) ақпаратты осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша.