Ұйымдық құрылым
Қысқаша талдауКәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшелері мен ӘБПны қоса есептегендегі жалпы штат саны – 381 штат бірлігінақты жұмыс істейтіндер саны – 278,5 бірлікЖалпы кадрлармен қамтылу деңгейі 80,3 %-ды құрайдыКадрлармен қамтылу деңгейі ең жоғары өндірістік учаскелерТалғарӨУ – 47 штат бірлігінің 46,5-і (98,9 %) жәнеБартоғайӨУ – 70 штат бірлігінің 62,5-і (89,3 %). Кадр тапшылығыНарынқолӨУде – 12,5 бірлікҚаскелеңӨУде – 9,5 бірлікБақанасӨУде – 8,5 бірлікШенгелдіӨУде – 8,5 бірлікІлеӨУде – 8 бірлік жәнеШарынӨУде – 7 бірлікӘБП бойынша штат саны – 18 адамнақты саны – 18 адамкадрлармен қамтылу деңгейі – 34,6 %.
Арналар арқылы су беру қызметтері бойынша тарифті қолдану туралы
2026 жылы «Алматыоблсушар» ШЖҚ МКК өндірістік учаскелерінде арналар арқылы су беру қызметтеріне әр учаске бойынша жеке тарифтер қолданылады.
ҚҚС-пен (16%) есептегендегі тариф мөлшері 0,157 теңге/м³-ден 76,525 теңге/м³-ге дейін қалыптасқан.
Ең төмен тариф Бақанас және Тасмұрын ӨУ-де – 0,157 теңге/м³. Шарын ӨУ-де – 1,140 теңге/м³, Нарынқол ӨУ-де – 1,358 теңге/м³, Жамбыл ӨУ-де – 1,629 теңге/м³, Бартоғай ӨУ-де – 1,809 теңге/м³, Талғар ӨУ-де – 2,909 теңге/м³, Қаскелең ӨУ-де – 3,074 теңге/м³ мөлшерінде белгіленген.
Іле ӨУ бойынша судың түріне байланысты екі тариф қолданылады: таза суға – 3,885 теңге/м³, ал сарқынды суға – 0,958 теңге/м³.
Ең жоғары тариф Шеңгелді ӨУ-де – 76,525 теңге/м³ (ҚҚС-пен).
Осылайша, өндірістік учаскелер бойынша тариф мөлшерінің айырмашылығы айтарлықтай және әр учаскенің су беру қызметіне байланысты жеке қалыптасқан.
Кәсіпорын туралы жалпы ақпарат
Кәсіпорын теңгерімінде 56 су қоймасы, 5 тоған, 7 бөгет, 10 гидроторап және 380 канал бар.
Инфрақұрылым ауқымы: каналдардың жалпы ұзындығы – 3 601 км. Су шаруашылығы нысандары облыстың суармалы егіншілігін сумен қамтамасыз етеді. 2026 жылғы маусымда өндірістік жұмыстар арнайы техника мен өндірістік учаскелердің күшімен атқарылды.
6-слайд. 2026 жылғы вегетациялық суару барысы туралы мәлімет
2026 жылғы вегетациялық суару маусымында өндірістік учаскелер бойынша су беру көлемінің жалпы жоспары 711,8 млн м³ болып белгіленіп, нақты 765,5 млн м³ су берілді. Нәтижесінде жоспар 53,7 млн м³-ге артық орындалды.
Суармалы жер көлемі жоспар бойынша 73,9 мың га болса, нақты көрсеткіш 82,0 мың га құрап, жоспардан 8,1 мың га-ға артық орындалды.
2026 жылғы вегетациялық маусымның негізгі нәтижелері
2026 жылғы вегетациялық маусымда 131 су өлшеуіш посты аттестациядан өтті. Бұл 2025 жылғы 76 постымен салыстырғанда +72%.
Су пайдаланушыларымен 3 630 келісімшарт жасалды, жоспар – 3 200.
Нақты 765,5 млн м³ су берілді, жоспар – 711,8 млн м³.
82,0 мың га жер суарылды, 2025 жылы – 66,1 мың га.
Қорытынды: су өлшеуіш постыларын аттестациялау көлемі артты. Келісімшарттар саны жоспардан жоғары орындалды. Нақты берілген су көлемі жоспардан 53,7 млн м³-ке артық. Суарылған жер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15,9 мың гектарға өсті.
Суармалы жерлер және су беру көлемі
Суарылған 82,0 мың гектардың негізгі дақылдары: көп жылдық шөп – 35,8 мың га; дәндік жүгері – 15,4 мың га; бау-бақша – 5,7 мың га; күріш – 4,5 мың га; соя – 2,6 мың га; қалғаны – өзге дақылдар.
2026 жылы 3,6 мың га суармалы жерге прогрессивті суару, яғни тамшылатып және жаңбырлатып суару технологолияры енгізіліп, 26,8 млн.м3 су берілді.
Каналдарды тазалау және техникалық жұмыстар
Суару маусымының алдында теңгеріміндегі 640 шақырым магистральдық және шаруашылық аралық каналдарда механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, ал қазіргі таңда, вегетация аяқталғанда – ауа райының қолайлығына қарай, күзгі механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.
(Талғар ӨБ -56, Қаскелең ӨБ – 79,7, Нарынқол ӨБ – 26,8, Шарын ӨБ – 67,3, Бартоғай ӨБ - 111,8, Іле ӨБ – 77, Жамбыл ӨБ – 32,4, Шенгелді ӨБ – 2, Тасмұрын ӨБ – 20, Бақанас ӨБ – 6 шақырым) жалпы 479 шақырым каналдарға механикалық тазалау жоспарланып отыр. Жедел жұмыстарға 75 арнайы техника жұмылдырылды.
Дебиторлық берешек
Дебиторлық берешек бойынша:
Төленбеген берешек ұсынылған кесте бойынша шамамен 234,1 млн теңгені құрайды.
Ең жоғары төленбеген берешек:
Талғар ӨБ – 57,3 млн теңге;
Шарын ӨБ – 55,0 млн теңге;
Іле ӨБ – 46,7 млн теңге;
Нарынқол ӨБ – 22,2 млн теңге;
Бақанас ӨБ – 17,9 млн теңге.
Төлем көрсеткіші жоғары бөлімшелердің қатарында Шеңгелді ӨБ – шамамен 90,7%, Қаскелең ӨБ – 85,8%, Жамбыл ӨБ – 79,8%.
Жалпы алғанда, жыл соңына дейін өндірістік бөлімшелер бойынша қалыптасқан дебиторлық берешекті өндіру жұмыстарын күшейтіп, ай сайын белгіленген қаржы көлемінің толық әрі уақтылы түсуін қамтамасыз ету қажет.
Проблемалық мәселе – Шеңгелді суару массивін сумен қамтамасыз ету
Проблемалық мәселе: тамыз айында Қапшағай су қоймасындағы су деңгейі төмендеген кезде қажетті көлемде су беру қиындайды. Су сорғы станциялары арқылы жеткізілетіндіктен, шығындардың 80–85%-ы электр энергиясына жұмсалады.
Ұсынылатын шешім: электр энергиясына тәуелділікті төмендететін баламалы сумен жабдықтау схемасын әзірлеу. Іле өзенінен Қапшағай су қоймасына құяр тұстан шамамен 55–60 км жаңа канал салу мүмкіндігін техникалық-экономикалық тұрғыдан зерделеу. Жоба Шеңгелдідегі 12–15 мың га және Малайсары суару алқаптарын тұрақты сумен қамтуға бағытталады.
Инфрақұрылым және кадрлық мәселелер
Әкімшілік ғимарат: кәсіпорынның жеке әкімшілік ғимараты жоқ. Басқару аппараты мен бөлімшелер жұмысын бір жерде ұйымдастыру қиын.
Өндірістік база: арнайы техниканы сақтау және техникалық қызмет көрсетуге арналған база жоқ. Күзгі-қысқы кезеңде техниканың тозу қаупі жоғары.
Білікті мамандар: инженер-гидротехник, тариф, су ресурстары және ЖСҚ мамандары қажет. Жалақы көтеру мәселесі, кадр тартуды қиындатады.
Суармалы суды беру (тасымалдау) қызметтеріне жаңа тарифтерді қалыптастыру және қолданыстағы тарифті көтеру мәселесін пысықтау;
Алматы облысында 2026 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша брифинг өтті
2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «2026 жылғы вегетациялық кезең: Алматы облысындағы суару жұмыстарының қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті.
🎙️ Брифингте сөз сөйлеген спикерлер:
Спикерлер 2026 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындыларына тоқталып, облыстағы суару жұмыстарының барысы мен су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Алматы облысы су Алматы облысы әкімінің орынбасары
ресурстары және ирригация __________________Б.Бақытұлы
басқармасының басшысының м.а. «__»____________2025 ж.
_______________А.Сабитов
«__»____________2025 ж.
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
11 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Е.М.Мусаханов бас маман 87087648197 |
Жерлерді суару үшін пайдаланылатын су ресурстарын есепке алу. |
Жерлерді суару үшін пайдаланылатын су ресурстарын есепке алу – бұл ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету, судың ысырап болуына жол бермеу және су ресурстарын әділ бөлу мақсатында жүргізілетін заңмен реттелген рәсім.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі 122 бабының, 1,2 тармақтарына сәйкес Жерлерді суару үшін пайдаланылатын су ресурстарын есепке алу 1. Егер ирригациялық кондоминиумға қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, суаратын судың көлемін есепке алуды – ирригациялық кондоминиумның басқарушы ұйымы, ал ол болмаған жағдайда, су тұтынушыларға су беретін су пайдаланушы жүзеге асырады. 2. Ирригациялық кондоминиумның құрамына кіретін су тұтынушыларға берілетін суаратын судың көлемдерін есепке алу су тұтынушыға ирригациялық кондоминиумның басқарушы ұйымынан су беру орындарында орнатылған суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады. Суды есепке алу аспаптары не ирригациялық кондоминиум болмаған кезде су тұтынушыларға берілетін суаратын судың көлемін есепке алу есептік тәсілмен жүзеге асырылады. Бұл ретте шаруашылықішілік каналдар бойынша су ысырабының көлемі су тұтынушылар арасында олардың суармалы жер учаскелерінің аудандарына пропорционалды түрде бөлінеді.
|
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. Қазақстан Республикасының Су кодексінің 122 бабы.
|
Су, Ресурстар, Есеп, Алу, Жер, Суару, Пайдалану |
|
12 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Су қорғау аймақтары мен жолағын белгілеу кімнің құзырында? |
Су қорғау аймақтары мен жолағының шекараларын жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен бекітеді. |
Қазақстан Республикасыынң Су кодексінің 123-бабы бойынша: Су қорғау аймақтары мен жолағының шекараларын жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен бекітеді. Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) бастамашы болады; Су қорғау аймағының жобасын жасау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді (су шаруашылығы мамандары, геодезистер қатысады); Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі мүмкін; Жоба экологиялық сараптамадан өтеді; Уәкілетті органмен (экология, су ресурстары, жер қатынастары басқармасы) келісілгеннен кейін; Әкімдік шешімімен шекаралар ресми түрде бекітіледі.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
|
Су, Қорғау, Аймақ, Жолақ,Белгі |
|
13 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Су қорғау аймақтарының шекараларын белгілеу тәртiбi. |
Су қорғау аймақтарының шекараларын белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының Су кодексімен және оған негізделген нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. |
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 123-бабы. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Шекараларды белгілеу тәртібі: - Су қорғау аймағын белгілеу қажеттілігі уәкілетті органның (Су ресурстары комитеті, Экология және табиғи ресурстар министрлігі) немесе жергілікті атқарушы органның бастамасымен көтеріледі. - Арнайы жобалық ұйымдар су объектісінің (өзен, көл, су қоймасы және т.б.) гидрологиялық, экологиялық, санитарлық сипаттамаларына сай ғылыми-техникалық негіздеме дайындайды. - Құжаттаманы келісу: - Жобалық ұсыныстар уәкілетті органмен, экологиялық, жер және санитарлық қадағалау органдарымен келісіліп, қоғамдық тыңдаулар өткізілуі мүмкін. - Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бекітуі: - Шекаралар мәслихат шешімімен немесе әкімдік қаулысымен бекітіледі.
|
Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36238 болып тіркелді |
Су, Қорғау, Аймақ, Жолақ,Белгі,Тәртібі |
|
14 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Е.М.Мусаханов бас маман 87087648197 |
Ауыл шаруашылығы жерлерін суару қалай жүреді? |
Су ресурстарын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану — жалпы және арнаулы су пайдалану тәртібімен жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасының 113‑бабына сәйкес. Су объектілері мен су ресурстарын ауыл шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдалану Су ресурстарын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану — жалпы және арнаулы су пайдалану тәртібімен жүргізіледі. Кодексы Казахстана Жерүсті су объектілерін жануарларды суару үшін санитариялық қорғау аймағынан тыс жерде және суат алаңдары мен құрылғылар болған кезде ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Су шаруашылығы құрылғыларын (тоқтағыштар, қоймалар) еріген су, нөсер суы, тасқын суды жинақтау үшін пайдалану арнаулы су пайдалану тәртібімен жүргізіледі. Суару, құрғату, сортаңданған топырақты шаю және мелиорациялық жұмыстар табиғат қорғау шараларымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Суару үшін пайдаланылатын судың сапасы техникалық реттеу мен санитарлық‑эпидемиологиялық нормативтерге сай болуы керек.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
|
Су, Пайдалану, Жерлер, Суару, Ауылшаруашылық |
|
15
|
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570
|
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларын тұрақты суару үшін пайдалануда қандай инженерлік жүйелер қолданылады және олардың түрлері қандай? |
Жерді тұрақты суару үшін суаратын суды жеткізу және дренаждық суларды бұру мақсатында ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер қолданылады. Бұл жүйелер: - Магистральдық - Шаруашылықаралық - Шаруашылықішілік болып бөлінеді. Магистральдық жүйелер мемлекетаралық, өңіраралық және ауданаралық маңызға ие және мемлекеттік меншікте болады, ал шаруашылықаралық жүйелер жеке меншікте де болуы мүмкін. |
Қазақстан Республикасының Су кодексіне 114 бабына сәйкес 1. Суаратын суды тұрақты суару жерлеріне жеткізу және олардан дренаждық суларды бұру ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелермен жүргізіледі. Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер магистральдық, шаруашылықаралық және шаруашылықішілік болып бөлінеді. Мемлекетаралық, өңіраралық және ауданаралық маңызы бар магистральдық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер мемлекеттік меншікте болады, шаруашылықаралық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер жеке меншікте болуы мүмкін. 2. Суаратын суды берудің және дренаждық суды суармалы жерлерден бұрудың бірыңғай технологиялық процестерімен байланысты шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер ауыл шаруашылығы су тұтынушыларының ортақ бірлескен меншігінде болады. 3. Су тұтынушылар қолда бар шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді тиісінше техникалық жағдайда күтіп-ұстауға міндетті. Шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітетін ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидалары негізінде жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді. |
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Тұрақты, Суару, Су, Шаруашылық, Объект, Құрылысжай,Жүйе |
Алматы облысы су Алматы облысы әкімінің орынбасары
ресурстары және ирригация __________________Б.Бақытұлы
басқармасының басшысы «__»____________2025 ж.
_______________С.Қараласов
«__»____________2025 ж.
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
6 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалға алу бойынша конкурс жүру процесі.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурстық рәсімдер (www.gosreestr.kz) веб-порталында жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес Конкурсқа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында(www.gosreestr.kz) конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады. 1. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеуден өтіп, келесі мәліметтерді көрсетеді: 1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефонын, электрондық поштаның мекенжайын) көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді. |
Конкурс,Жалға, Алу, Процесс,Шаруашылық, Құрылысжай, Мүлік |
|
7 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Мемлекеттік меншігіндегі Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалға алу кезінде шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары. |
Мемлекеттік меншігіндегі Су шаруашылығы құрылыстарын (гидротехникалық құрылыстар, дамбалар, су қоймалары т.б.) мүліктік жалға беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес 1) егер жалдауға (жалға) берушінің жазбаша ескертуіне қарамастан жалдауға (жалға) алушы шарт талаптарын елеулі түрде бұзып, пайдалануды жалғастырса; 2) егер жалдауға (жалға) алушы шартпен берілген су шаруашылығы құрылысжайын көзделмеген мақсатта пайдаланса; 3) егер жалдауға (жалға) алушы қасақана немесе абайсызда су шаруашылығы құрылысжайының жағдайын елеулі түрде нашарлатса; 4) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген төлем мерзімінен кейін екі рет қатарынан жалға алу ақысын төлемесе; 5) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген мерзімде, ал егер шартта мұндай мерзімдер көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жалдауға (жалға) алушыға жүктелген жағдайда, оны ақылға қонымды мерзімде орындамаса, жалдауға (жалға) беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап ету құқығын жалдауға (жалға) алушыға міндеттемесін орындауға мүмкіндік бергеннен кейін ғана пайдалана алады;
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді |
Су шаруашылығы,Жалға алу, Шарттар, Мерзімі, Су,Меншік, Жалға,Шарт,Бұзу |
|
8 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Процесс проведения конкурса по передаче водохозяйственных сооружений в доверительное управление. |
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурстық рәсімдер (www.gosreestr.kz) веб-порталында жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес Конкурсқа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады. 1. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеуден өтіп, келесі мәліметтерді көрсетеді: 1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефонын, электрондық поштаның мекенжайын) көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. |
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді. |
Конкурс,Жалға алу, Сенімгерлік, Процесс,Құрылысжай,Су |
|
9 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570 Е.М.Мусаханов бас маман 87087648197 |
Су қоймасын салуға немесе пайдалануға не қажет?
|
Су қоймасын салуға немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі құжаттар мен рұқсаттар қажет. Бұл талаптар ҚР Су кодексі және нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. |
Су қоймасын салуға немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі құжаттар мен рұқсаттар қажет. Бұл талаптар ҚР Су кодексі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. -Жобалық-сметалық құжаттар; - Экологиялық сараптама қорытындысы; - Мемлекеттік сараптаманың оң шешімі; - Жер учаскесін заңдастыру; - Су ресурстарын пайдалануға рұқсат (лицензия немесе келісім).
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2500000178
|
Су, Қойма, Пайдалану,Салу |
|
10 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға болама?
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға болады, бірақ бұл тәртіп Қазақстан Республикасының су кодексі мен тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. |
- Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 13‑бабы 6‑тармағына сәйкес «Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалға (жалға беру) немесе сенімгерлік басқаруға беру конкурстық негізде жүзеге асырылады». - Сонымен қатар, Әділет министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197‑НҚ бұйрығы мемлекеттің меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді. - Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын жалға беру немесе сенімгерлік басқаруға беру заңмен рұқсат етіледі. - Бірақ бұл конкурстық тәртіппен, заңда белгіленген қағидалар мен нормативтерге сай жүзеге асуы тиіс.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді ҚР Су Кодексі, 13‑бап, 6‑тармақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. |
Су,Шаруашылық, Құрылысжайлары, Мүліктік, Жалға, Алу. |
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570
|
Дамбаны салуға немесе пайдалануға не қажет?
|
Дамбаны салуға немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі құжаттар мен рұқсаттар қажет. Бұл талаптар ҚР Су кодексінің нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. |
Дамбаны салуға немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі құжаттар мен рұқсаттар қажет. Бұл талаптар ҚР Су кодексі және нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. -Жобалық-сметалық құжаттар; - Экологиялық сараптама қорытындысы; - Мемлекеттік сараптаманың оң шешімі; - Жер учаскесін заңдастыру; - Су ресурстарын пайдалануға рұқсат (лицензия немесе келісім).
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2500000178
|
Дамба, Пайдалану,Су,Дамба салу,Пайдалану |
|
2 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570 |
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларын жерді тұрақты суару үшін пайдалануға болама? |
Суаратын суды тұрақты суару жерлеріне жеткізу және олардан дренаждық суларды бұру ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелермен жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 114 бабына сәйкес, Суаратын суды тұрақты суару жерлеріне жеткізу және олардан дренаждық суларды бұру ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелермен жүргізіледі. Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер магистральдық, шаруашылықаралық және шаруашылықішілік болып бөлінеді. Мемлекетаралық, өңіраралық және ауданаралық маңызы бар магистральдық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер мемлекеттік меншікте болады, шаруашылықаралық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер жеке меншікте болуы мүмкін.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Құрылысжайларын, Су, Пайдалану, Шаруашылық,Суару,Тұрақты |
|
3 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170
|
Жерлерді суару үшін су пайдалану қалай жұзеге асырылады ?
|
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 115 бабының 1,2,3,4,5,6 тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады |
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 115 бабына сәйкес, Жерлерді суару үшін су беру бойынша қызметтер көрсету су пайдалану жоспарлары (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – жоспарлар) мен су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін негізге алып, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы су тұтынушылары мен су пайдаланушылардың арасында жасалатын су беру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарт негізінде жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Жерлерді суару, Пайдалану,Су,Суару, |
|
4 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Е.М.Мусаханов бас маман 87087648197 |
Қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар дегеніміз не және олармен жұмыс істеу кезінде қандай талаптар сақталуы тиіс? |
Қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар — авария жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және мүлікке зиян келтіру қаупі бар гидротехникалық құрылысжайлар. Бұл нысандардың жобалануы, салынуы, пайдаланылуы, реконструкциялануы, консервациясы және жойылуы кезінде қауіпсіздік талаптары уәкілетті орган бекітетін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентте көрсетіледі. |
Қ Р Су кодексінің 70 бабына, Қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар туралы жалпы ережелеріне сәйкес: 1. Құрылысжайлардағы авария адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтіру қаупін төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың жекелеген түрлері қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар деп түсініледі. 2. Қауіптілігі ықтимал құрылысжайларға жатқызылған гидротехникалық құрылысжайлардың түрлері, жобалауға, салуға, пайдалануға, реконструкциялауға, консервациялауға немесе жоюға қойылатын олардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптар уәкілетті орган бекітетін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентте айқындалады. ҚР Су кодексінің Гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану ережесіне сәйкес 1) гидротехникалық құрылысжайдың паспорты; 2) гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидалары; 3) осы Кодекстің 72-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі декларациясы болған кезде жол беріледі. 2. Гидротехникалық құрылысжайдың паспорты мен оны пайдалану қағидаларын оның меншік иесі (иеленушісі) әзірлейді, бекітеді және түпнұсқасы меншік иесінде (иеленушіде) сақталады. Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді. Меншік иесі (иеленуші) құрылысжайлардың тізіліміне енгізу үшін бассейндік су инспекциясына паспорты мен пайдалану қағидаларының электрондық нұсқаларын енгізуді қамтамасыз етеді. 3. Жаңадан салынатын гидротехникалық құрылысжайлар үшін паспорты мен пайдалану қағидалары жобалау сатысында әзірленеді. Гидротехникалық құрылысжайға жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін оның паспорты мен пайдалану қағидалары қайта бекітілуге жатады.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Су,Құрылысжай,Талап,Қауіп |
|
5 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170
|
Су қоймасын жеке меншікке алу. |
- Су қоймасы тек мемлекет меншігінде болады. - Жеке тұлға немесе ұйым оны иелене алмайды, бірақ уақытша пайдалану (шаруа, суармалы егістік, балық шаруашылығы, туризм және т.б.) мақсатында сенімгерлік басқару арқылы қолдана алады. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады. Су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері олардың баланстық құнына, белгіленген су режиміне, гидротехникалық құрылысжайларын пайдалану қағидаларына және жерүсті су көздерін пайдалануға төлем мөлшеріне сәйкес баланс ұстаушы тарапынан айқындалып, бекітіледі.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді. |
Су, Қойма, Меншік, Жеке |
|
6 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалға алу бойынша конкурс жүру процесі.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурстық рәсімдер (www.gosreestr.kz) веб-порталында жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес Конкурсқа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында(www.gosreestr.kz) конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады. 1. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеуден өтіп, келесі мәліметтерді көрсетеді: 1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефонын, электрондық поштаның мекенжайын) көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді. |
Конкурс,Жалға, Алу, Процесс,Шаруашылық, Құрылысжай, Мүлік |
|
7 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Мемлекеттік меншігіндегі Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалға алу кезінде шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары. |
Мемлекеттік меншігіндегі Су шаруашылығы құрылыстарын (гидротехникалық құрылыстар, дамбалар, су қоймалары т.б.) мүліктік жалға беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес 1) егер жалдауға (жалға) берушінің жазбаша ескертуіне қарамастан жалдауға (жалға) алушы шарт талаптарын елеулі түрде бұзып, пайдалануды жалғастырса; 2) егер жалдауға (жалға) алушы шартпен берілген су шаруашылығы құрылысжайын көзделмеген мақсатта пайдаланса; 3) егер жалдауға (жалға) алушы қасақана немесе абайсызда су шаруашылығы құрылысжайының жағдайын елеулі түрде нашарлатса; 4) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген төлем мерзімінен кейін екі рет қатарынан жалға алу ақысын төлемесе; 5) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген мерзімде, ал егер шартта мұндай мерзімдер көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жалдауға (жалға) алушыға жүктелген жағдайда, оны ақылға қонымды мерзімде орындамаса, жалдауға (жалға) беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап ету құқығын жалдауға (жалға) алушыға міндеттемесін орындауға мүмкіндік бергеннен кейін ғана пайдалана алады;
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді |
Су шаруашылығы,Жалға алу, Шарттар, Мерзімі, Су,Меншік, Жалға,Шарт,Бұзу |
Бүгін Қытайда Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форумы өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды. Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.
Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.
«Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын (іске қосылған жобаларды есептемегенде) 259 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 155 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 73 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 4,5 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 65 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.
Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Логистикадан бастап өнеркәсіп саласындағы ірі жобалар қолға алынған.
Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. «Бұл жоба өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.
«Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген облыс әкімі компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.
Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.
Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.
Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.
Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.
Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.
Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.
Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.
📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:

🌐 Сайт арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://sailau.almobl.kz
2️⃣ ЖСН енгізіңіз
3️⃣ «Тексеру» батырмасын басыңыз
4️⃣ Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз
🤖 Telegram-бот арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/sailau_almobl_bot
2️⃣ «Бастау» батырмасын басыңыз
3️⃣ ЖСН енгізіңіз
4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз
📞 Call-орталық арқылы:
109 нөміріне қоңырау шалыңыз
Қоңырау шалу тегін. Мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
✅ Тексеру бар болғаны бірнеше минутты алады.