«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматыоблсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2026 жылға арналған есебі және 2027 жылғы жоспары

«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматыоблсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  2026 жылға арналған есебі және 2027 жылғы жоспары

Ұйымдық құрылым

Қысқаша талдауКәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшелері мен ӘБПны қоса есептегендегі жалпы штат саны – 381 штат бірлігінақты жұмыс істейтіндер саны – 278,5 бірлікЖалпы кадрлармен қамтылу деңгейі 80,3 %-ды құрайдыКадрлармен қамтылу деңгейі ең жоғары өндірістік учаскелерТалғарӨУ – 47 штат бірлігінің 46,5-і (98,9 %) жәнеБартоғайӨУ – 70 штат бірлігінің 62,5-і (89,3 %). Кадр тапшылығыНарынқолӨУде – 12,5 бірлікҚаскелеңӨУде – 9,5 бірлікБақанасӨУде – 8,5 бірлікШенгелдіӨУде – 8,5 бірлікІлеӨУде – 8 бірлік жәнеШарынӨУде – 7 бірлікӘБП бойынша штат саны – 18 адамнақты саны – 18 адамкадрлармен қамтылу деңгейі – 34,6 %.

Арналар арқылы су беру қызметтері бойынша тарифті қолдану туралы

2026 жылы «Алматыоблсушар» ШЖҚ МКК өндірістік учаскелерінде арналар арқылы су беру қызметтеріне әр учаске бойынша жеке тарифтер қолданылады.

ҚҚС-пен (16%) есептегендегі тариф мөлшері 0,157 теңге/м³-ден 76,525 теңге/м³-ге дейін қалыптасқан.

Ең төмен тариф Бақанас және Тасмұрын ӨУ-де – 0,157 теңге/м³. Шарын ӨУ-де – 1,140 теңге/м³, Нарынқол ӨУ-де – 1,358 теңге/м³, Жамбыл ӨУ-де – 1,629 теңге/м³, Бартоғай ӨУ-де – 1,809 теңге/м³, Талғар ӨУ-де – 2,909 теңге/м³, Қаскелең ӨУ-де – 3,074 теңге/м³ мөлшерінде белгіленген.

Іле ӨУ бойынша судың түріне байланысты екі тариф қолданылады: таза суға – 3,885 теңге/м³, ал сарқынды суға – 0,958 теңге/м³.

Ең жоғары тариф Шеңгелді ӨУ-де – 76,525 теңге/м³ (ҚҚС-пен).

Осылайша, өндірістік учаскелер бойынша тариф мөлшерінің айырмашылығы айтарлықтай және әр учаскенің су беру қызметіне байланысты жеке қалыптасқан.

Кәсіпорын туралы жалпы ақпарат

Кәсіпорын теңгерімінде 56 су қоймасы, 5 тоған, 7 бөгет, 10 гидроторап және 380 канал бар.

Инфрақұрылым ауқымы: каналдардың жалпы ұзындығы – 3 601 км. Су шаруашылығы нысандары облыстың суармалы егіншілігін сумен қамтамасыз етеді. 2026 жылғы маусымда өндірістік жұмыстар арнайы техника мен өндірістік учаскелердің күшімен атқарылды.

6-слайд. 2026 жылғы вегетациялық суару барысы туралы мәлімет

2026 жылғы вегетациялық суару маусымында өндірістік учаскелер бойынша су беру көлемінің жалпы жоспары 711,8 млн м³ болып белгіленіп, нақты 765,5 млн м³ су берілді. Нәтижесінде жоспар 53,7 млн м³-ге артық орындалды.

Суармалы жер көлемі жоспар бойынша 73,9 мың га болса, нақты көрсеткіш 82,0 мың га құрап, жоспардан 8,1 мың га-ға артық орындалды.

2026 жылғы вегетациялық маусымның негізгі нәтижелері

2026 жылғы вегетациялық маусымда 131 су өлшеуіш посты аттестациядан өтті. Бұл 2025 жылғы 76 постымен салыстырғанда +72%.

Су пайдаланушыларымен 3 630 келісімшарт жасалды, жоспар – 3 200.

Нақты 765,5 млн м³ су берілді, жоспар – 711,8 млн м³.

82,0 мың га жер суарылды, 2025 жылы – 66,1 мың га.

Қорытынды: су өлшеуіш постыларын аттестациялау көлемі артты. Келісімшарттар саны жоспардан жоғары орындалды. Нақты берілген су көлемі жоспардан 53,7 млн м³-ке артық. Суарылған жер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15,9 мың гектарға өсті.

 

 Суармалы жерлер және су беру көлемі

Суарылған 82,0 мың гектардың негізгі дақылдары: көп жылдық шөп – 35,8 мың га; дәндік жүгері – 15,4 мың га; бау-бақша – 5,7 мың га; күріш – 4,5 мың га; соя – 2,6 мың га; қалғаны – өзге дақылдар.

2026 жылы 3,6 мың га суармалы жерге прогрессивті суару, яғни тамшылатып және жаңбырлатып суару технологолияры енгізіліп, 26,8 млн.м3 су берілді.

Каналдарды тазалау және техникалық жұмыстар

Суару маусымының алдында теңгеріміндегі 640 шақырым магистральдық және шаруашылық аралық каналдарда механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, ал қазіргі таңда, вегетация аяқталғанда – ауа райының қолайлығына қарай, күзгі механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

(Талғар ӨБ -56, Қаскелең ӨБ – 79,7, Нарынқол ӨБ – 26,8, Шарын ӨБ – 67,3, Бартоғай ӨБ - 111,8, Іле ӨБ – 77, Жамбыл ӨБ – 32,4, Шенгелді ӨБ – 2, Тасмұрын ӨБ – 20, Бақанас ӨБ – 6 шақырым) жалпы 479 шақырым каналдарға механикалық тазалау жоспарланып отыр. Жедел жұмыстарға 75 арнайы техника жұмылдырылды.

Дебиторлық берешек

Дебиторлық берешек бойынша:

Төленбеген берешек ұсынылған кесте бойынша шамамен 234,1 млн теңгені құрайды.

Ең жоғары төленбеген берешек:
Талғар ӨБ – 57,3 млн теңге;
Шарын ӨБ – 55,0 млн теңге;
Іле ӨБ – 46,7 млн теңге;
Нарынқол ӨБ – 22,2 млн теңге;
Бақанас ӨБ – 17,9 млн теңге.

Төлем көрсеткіші жоғары бөлімшелердің қатарында Шеңгелді ӨБ – шамамен 90,7%, Қаскелең ӨБ – 85,8%, Жамбыл ӨБ – 79,8%.

Жалпы алғанда, жыл соңына дейін өндірістік бөлімшелер бойынша қалыптасқан дебиторлық берешекті өндіру жұмыстарын күшейтіп, ай сайын белгіленген қаржы көлемінің толық әрі уақтылы түсуін қамтамасыз ету қажет.

Проблемалық мәселе – Шеңгелді суару массивін сумен қамтамасыз ету

Проблемалық мәселе: тамыз айында Қапшағай су қоймасындағы су деңгейі төмендеген кезде қажетті көлемде су беру қиындайды. Су сорғы станциялары арқылы жеткізілетіндіктен, шығындардың 80–85%-ы электр энергиясына жұмсалады.

Ұсынылатын шешім: электр энергиясына тәуелділікті төмендететін баламалы сумен жабдықтау схемасын әзірлеу. Іле өзенінен Қапшағай су қоймасына құяр тұстан шамамен 55–60 км жаңа канал салу мүмкіндігін техникалық-экономикалық тұрғыдан зерделеу. Жоба Шеңгелдідегі 12–15 мың га және Малайсары суару алқаптарын тұрақты сумен қамтуға бағытталады.

 Инфрақұрылым және кадрлық мәселелер

Әкімшілік ғимарат: кәсіпорынның жеке әкімшілік ғимараты жоқ. Басқару аппараты мен бөлімшелер жұмысын бір жерде ұйымдастыру қиын.

Өндірістік база: арнайы техниканы сақтау және техникалық қызмет көрсетуге арналған база жоқ. Күзгі-қысқы кезеңде техниканың тозу қаупі жоғары.

Білікті мамандар: инженер-гидротехник, тариф, су ресурстары және ЖСҚ мамандары қажет. Жалақы көтеру мәселесі, кадр тартуды қиындатады.

Суармалы суды беру (тасымалдау) қызметтеріне жаңа тарифтерді қалыптастыру және қолданыстағы тарифті көтеру мәселесін пысықтау;