Жиі қойылатын сұрақтар
Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі.
Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай құрылымнан тұрады:
1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы;
2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны;
3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар;
4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы;
5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;
6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны;
7) "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелді) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге мамандар саны;
8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы;
9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.
Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай бөлімдерден тұрады:
1) 1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар;
2) 2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары;
3) 3-бөлім – ұлттық спорт түрлері;
4) 4-бөлім – мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттық іс-шаралар;
5) 5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері;
6) 6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері;
7) 7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері;
8) 8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері;
9) 9-бөлім – дене-шынықтыру спорт ұйымдары өткізетін іс-шаралар.
Алдағы жылға арналған Бірыңғай республикалық күнтізбеге осы қағиданың 9-тармақтағы 3, 4, 5, 6, 7 және 8 бөлімдерге енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары, осы қағиданың 9-тармақтағы 1, 2 және 9 бөлімдерге өзге дене шынықтыру-спорт ұйымдары береді.
Бірыңғай өңірлік күнтізбеге алдағы жылға енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді.
Спорттық іс-шараны Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) спорт түрінен (түрлерінен) республикалық, өңірлік, жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының өтінішхаты;
2) ақпаратты осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша.
«Талдықорған орталық бассейні» су спорты түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі өз қызметін 2021 жылдың ақпан айынан бастады.Спорт мектеп балаларға арналып ашылған мекеме болғансоң, спорт топтарына қатысатын спортшыларға тегін түрде қызмет көрсетеді.Спорт мектебіне қазіргі таңда 1188 бала қабылданады (жүзуден - 1021, су добынан - 112, синхронды жүзуден - 55). Алдағы уақытта мектеп облыс бойынша 2000-ға жуық оқушыны тегін топтарға қамтуды жоспарлап отыр.Жүзу бойынша 20 жаттықтырушы, су добынан 3 жаттықтырушы және синхронды жүзуден 1 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап бассейн барлық қала тұрғындары үшін ақылы негізде қолжетімді. Қатысу уақыты сағат 18.30-22.00 аралығында. 1 айлық қатысу төлемі ересектерге – 20 000 теңге, балаларға – 10 000 теңге. 1 күндік қатысу төлемі ересектерге – 2 000 теңге, балаларға – 1 000 теңге. 1-ші, 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға 30 % жеңілдіктер жасалған.
Спорт секциясына қабылдану үшін баланың заңды өкілі artsport.edu.kz платформасына кезекке қоюға электрондық өтініш береді.
Білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер қатыса алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігі айтылды.Осыған байланысты, бұқаралық спортты оның ішінде балалар спортын дамыту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру жобасы іске қосылды.Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін іске асыру барысында спорттық секцияларда 10 000 баланы қамту жоспарланып (облыстағы 507 432 жалпы бала санының – 2,0 пайызы), аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,0 млрд.теңге қаражат бөлінді.Аталған көрсеткішті - 2022 жылдың соңына дейін 16 000 балаға дейін (облыстағы жалпы бала санының 3,2%), 2023 жылдың соңына дейін 20 000 балаға дейін (облыстағы жалпы бала санының 3,9%) жеткізу жоспарлануда.
«Талдықорған орталық жүзу бассейні» облыстық су спорты түрлерінен мамандандырылған мектебі өз қызметін «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес жүргізеді. Спорттық мектепке медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, тестілік сынақтар нысанында іріктеуден өткен балалар қабылданады. Спорт түрлері: жүзу, суға секіру, әртістік (синхронды) жүзу, су добы бойынша бастапқы даярлық топтарына 7 жастан 9 жасқа дейін оқушылар тегін негізде қабылданады, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 жастан 15 жасқа дейінгілерді қоса алғанда спорттық-сауықтыру топтарына тегін топтарға қабылдау жүргізіледі.Балаларды топтарға жазу мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы және Талдықорған орталық бассейнінің ресепшнына хабарласып, мамандардан барлық қажетті ақпаратты ала аласыз:Меңлібаева Айнұр Кеңесқызы (әдіскер): 40-25-30. Қабылдау: 40-10-13, 40-09-38.