Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің назарына!

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесіне сәйкес, еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендірілген болуы қажет. Бұл мемлекеттік маңызы бар шаралардың бірі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың ветеринариялық дәрігерлері жүзеге асырады.
Бүгінгі күнге Алматы облысы бойынша iszh.kz Веб-порталында деректер қорында тіркелгені 1 346 106 бас мүйізді ірі қара, 4 645 964 бас ұсақ мүйізді мал,66 521 бас шошқа, 394 483 бас жылқы, 8 881 бас түйе.
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар:
- ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
- ветеринариялық станцияларға жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы хабарлауы қажет.
Қосымша мәліметтер алу үшін Алматы облысы ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметтер және жануарларды есепке алу бөлімінің 8 /7282/ 32-94-13 телефонына хабарласуға болады.
Алматы облысы бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіне iszh.kz Веб-порталында тіркелінген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпарат
| Рет.№ | Аудан, қала атаулары | Мүйізді ірі қара | Ұсақ мүйізді мал | Жылқы | Шошқа | Верблюды | Түйе |
| 1 | Ақсу | 98 851 | 383 583 | 21 573 | 700 | 66 | |
| 2 | Алакөл | 87 703 | 271 368 | 33 054 | 1 925 | 338 | |
| 3 | Балқаш | 124 336 | 128 962 | 38 584 | 1 675 | 86 | |
| 4 | Еңбекшіқазақ | 115 132 | 325 802 | 23 463 | 8 593 | 111 | |
| 5 | Ескелді | 46 860 | 178 468 | 10 884 | 2 743 | 55 | |
| 6 | Жамбыл | 140 005 | 849 394 | 45 635 | 210 | 1 747 | |
| 7 | Іле | 49 562 | 183 239 | 8 900 | 33 632 | 4 895 | |
| 8 | Қарасай | 38 379 | 51 004 | 10 742 | 1 609 | 6 | |
| 9 | Қаратал | 51 762 | 118 512 | 9 213 | 1 970 | 117 | |
| 10 | Кеген | 61 590 | 228 183 | 30 699 | 0 | 0 | |
| 11 | Кербұлақ | 66 304 | 347 014 | 21 434 | 935 | 36 | |
| 12 | Көксу | 54 444 | 234 354 | 19 709 | 557 | 166 | |
| 13 | Панфилов | 102 731 | 335 656 | 22 822 | 229 | 376 | |
| 14 | Райымбек | 75 522 | 358 544 | 43 360 | 0 | 0 | |
| 15 | Сарқан | 62 935 | 144 311 | 18 712 | 2 841 | 408 | |
| 16 | Талғар | 51 458 | 113 074 | 9 995 | 6 413 | 394 | |
| 17 | Ұйғыр | 92 048 | 280 076 | 18 569 | 0 | 31 | |
| 18 | Қапшағай қаласы | 10 350 | 77 259 | 3 431 | 321 | 0 | |
| 19 | Талдықорған қ-сы | 10 271 | 30 978 | 3 256 | 1 470 | 49 | |
| 20 | Текелі қаласы | 5 863 | 6 183 | 448 | 698 | 0 | |
| Барлығы: | 1 346 106 | 4 645 964 | 394 483 | 66 521 | 8 881 |