Ұйғыр ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

ЖОБА
Ұйғыр ауданының тұрғын үй
қорын реновациялау бағдарламасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31,37 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» № 736 қаулысының 5.2. бөлімінің 7 бабына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ұйғыр ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Хусуров Алимжан Навердиновичке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ш.Нурахунов
Ұйғыр ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «___» ___________
№_____ қаулысымен бекітілген
Ұйғыр аданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы
- Жалпы ережелер
1) Ұйғыр ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы (бұдан әрі – Реновация бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» № 736 қаулысына сәйкес әзірленді.
2) Ұйғыр ауданының тұрғын үй қорын реновациялау – Ұйғыр ауданындағы авариялық тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың өмір сүру ортасын жаңартуға және өмір сүруіне, қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
3) Реновация Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық (ескі) тұрғын үйлерді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қалалардың «ескі» тұрғын кешендерін қайта жаңартуды көздейді.
4) Реновация бағдарламасы 2035 жылға дейінгі мерзімге қабылданады және соңғы онжылдықтарда жинақталған қалалық ортаның дамуындағы теңгерімсіздікті жоюға және алдағы 10-15 жылда Ұйғыр ауданында авариялық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
5) Реновациялауға жататын объектілердің тізбесі, кезеңдері мен кезектілігі көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс конструкцияларының тозуын, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сараптама ұйымының қорытындысы негізінде үй-жайлар иелерінің пікірін ескере отырып айқындалады және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді.
6) Жергілікті атқарушы орган тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады.
- Ұйғыр ауданында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасының міндеті
7) Реновация бағдарламасының негізгі міндеті – Ұйғыр ауданында авариялық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеу және сонымен бірге өткен онжылдықтарда жинақталған аудан дамуының теңгерімсіздігін түзету және қағидатты жаңа сападағы қалалық ортаны қалыптастыру.
8) Тұрғын үй қорын сапалы жаңартуды көздейтін Реновация бағдарламасын іске асыру азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғын аумақтардың орнықты дамуына, экономикалық, әлеуметтік, өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, өмір сүрудің қолайлы ортасын, қоғамдық кеңістікті құруға және аумақты абаттандыруға ықпал етеді, ауданның жаңа, қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
9) Реновация бағдарламасын іске асыру кезінде келесі міндеттерді шешу жоспарлануда:
- сейсмологиялық жағдайды және ғимараттардың тозуын ескере отырып, аудан аумағындағы авариялық (ескірген) тұрғын үйлерді жою;
- жайлы тұруға, демалуға және жұмыс істеуге бейімделген, аралас функциясы бар қалалық ортаның Жаңа жоспарлау құрылымын құру;
- энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлерді салу, оларды пайдалану шығындарын азайту;
- экологиялық жағдайды жақсарту;
- инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту;
- Ұйғыр ауданының қазіргі заманғы сәулеттік келбетін қалыптастыру.
- Ұйғыр ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру тетігі мен тәртібі
10) Бағдарламаны жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, бағдарламаның әкімшісі болып Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі болады.
11) Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:
- жеке инвестицияларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері арқылы тарту;
- екінші деңгейдегі банктердің қарыздары;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту;
- Реновация бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру барысында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен кірістер.
12) Қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін бағдарлама әкімшісі реновацияға жататын әрбір тұрғын үй бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады.
13) Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері және ауылдық округтердің әкімдіктері (бұдан әрі – Әкімдіктер), орталық органдардың аумақтық бөлімшелері және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 10 жұмыс күні ішінде әкімшінің сұрау салуы негізінде қажетті ақпаратты беруге міндетті, оның ішінде мұнымен шектелмей:
- көп пәтерлі тұрғын үйдің (үйдің (пәтерлердің) және жер учаскесінің жалпы алаңы, тұрғындардың саны, ауыртпалықтардың (тыйым салулардың) болуы (болмауы) туралы (аумақтық әділет органдары және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ);
- жаңа тұрғын үйді абаттандыру үшін қажетті іргелес жер учаскелерімен жер кадастрынан үзінді (Ұйғыр ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдері);
- тұрғын үйдің қолданыстағы инфрақұрылымы және инфрақұрылым қуаттарын, жақын арадағы сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз және т.б. қосу нүктелерін ұлғайту мүмкіндігі туралы (Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі);
- тұрғындардың тұрғын үйді реновациялау бойынша ұсынылған іс-шараларға қатынасын көрсететін тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасы (реновацияға жататын тұрғын үйлер аумағында орналасқан ауылдық округ әкімдіктері).
14) Қажетті ақпаратты алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі реновациялауға жататын әрбір тұрғын үйге ақпараттық құжат дайындайды. Аудан әкімдігімен құрылған комиссияның шешімімен реновация объектісі бойынша түпкілікті шешім қабылданады.
15) Бағдарлама әкімшісі дайындаған ақпараттық құжатты жергілікті атқарушы органмен келісілген бұқаралық ақпарат құралдарында және ашық қолжетімділікте интернет-ресурста орналастырады.
16) Жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет болған жағдайда Бағдарламаның әкімшісі болып Ұйғыр ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі айқындалатын болады. Бұл жағдайда барлық іс-шаралар тұрғын үйді жаңарту туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17) Жеке инвестицияларды тарту бағдарлама әкімшісінің және жергілікті атқарушы органның басқа да жауапты құрылымдарының басым міндеті болып табылады.
18) Жергілікті атқарушы органның жеке инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудағы уәкілетті өкілі тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін Уәкілетті ұйым – Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жоладары және тұрғын-үй инспекциясы болады.
19)Әлеуетті инвесторларды тарту үшін интернет-ресурста орналастырылған ақпарат тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да қолжетімді ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
20)Әлеуетті инвестор интернет-ресурста орналастырылған ақпараттан басқа объект бойынша қосымша қажетті ақпаратты жазбаша сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда Бағдарлама әкімшісі немесе уәкілетті ұйым жергілікті атқарушы органның жауапты бөлімдер мен Әкімдіктер және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-дан қажетті ақпаратты сұратады, олар жазбаша сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
21)Әлеуетті инвестор мүдделі болған жағдайда ынтымақтастық туралы меморандум жасасу үшін Бағдарлама әкімшісіне немесе уәкілетті ұйымға өтінім береді.
22)Ынтымақтастық туралы Меморандум барлық жауапты бөлімдер мен Әкімдіктермен келісілген және тұрғын үйді жөндеу бойынша барлық қажетті іс-шараларды қамтитын және іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын қамтуы тиіс.
23)Ынтымақтастық туралы меморандум жасалғаннан кейін:
- реновациялауға жататын тұрғын үйлер аумағында орналасқан Әкімдіктер бағдарлама әкімшісімен бірлесіп, инвестордың қатысуымен әлеуетті инвестор ұсынатын шарттармен танысу үшін көппәтерлі үй тұрғындарының жалпы жиналысын ұйымдастырады. Бұл ретте, егер жиналысқа тұрғын үй пәтерлері меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, жиналыс заңды болып есептеледі;
- Ұйғыр ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жөндеуге жататын ескі авариялық үйлерді жою (бұзу) бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
- Ұйғыр ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі инвестормен бірге жоспарланған тұрғын үйдің эскиздік жобасын әзірлеп, келіседі;
- Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі коммуникацияға техникалық жағдай жасау, инфрақұрылымды жүргізу және жобаланатын тұрғын үйге қажетті қуаттарды арттыру бойынша іс-шараларды қабылдайды;
- Ұйғыр ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі жобаланатын тұрғын үйді салу және абаттандыру үшін қажетті жер учаскелерін уәкілетті ұйымға немесе инвесторға алу және беру бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдайды;
- барлық жауапты бөлімдер мен Әкімдіктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тұрғын үйді қайта жаңарту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруда барлық рұқсат беру құжаттары бойынша басым тәртіппен көмек көрсету бойынша міндеттемелер қабылдайды.
24)Тұрғын үй тұрғындарының мақұлдауын алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі әлеуетті инвестормен құрылысқа негізгі инвестициялық келісім жасасуды ұйымдастырады. Жасалған Инвестициялық келісімнің негізінде Бағдарлама әкімшісі инвестормен бірлесіп, тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесімен үшжақты келісім жасасады, онда Ұйғыр ауданы әкімдігінің және Инвестордың құрылыс барысында уақытша тұрғын үйді беру жөніндегі міндеттемелері мен кепілдіктері бекітіледі.
- Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтарының кепілдіктері
25)Реновация бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердің барлық меншік иелеріне жаңа тұрғын үйдің құрылысы кезеңінде уақытша тұрғын үй немесе тұрғын үй құрылысы аяқталғанға дейін уақытша тұрғын үйді жалға алғаны үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы берілетін болады:
- бюджет қаражаты тартылған жағдайда Ұйғыр ауданы әкімдігінің есебінен;
- Инвестордың қаражаты тартылған жағдайда Инвестор есебінен;
26)Реновация бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне тұратын адам санына қарамай, мынадай талаптарға сәйкес келетін, өтеусіз негізде тең мәнді үй-жайлар берілетін болады:
- Қазақстан Республикасы қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес, берілетін тұрғын үй-жайдағы (тұрғын емес үй-жайдағы) бөлмелердің жалпы ауданы мен саны, босатылатын тұрғын үй-жайдағы бөлмелердің жалпы ауданы мен санынан кем емес;
- нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес жақсартылған әрлеуі бар үй-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген абаттандыру стандарттарына сәйкес келеді.
27)Реновация бағдарламасын іске асыру кезінде азаматтардың жайлы өмір сүру ортасын құру қамтамасыз етілуі керек, оның ішінде аумақты көркейтуге қосымша талаптар белгілеу, жолдар желісі, автотұрақ, алдыңғы аймақтағы тротуарлар, аулалар мен квартал ішіндегі жасыл алаңдар ұйымдастыру қажет.
28)Реновация бағдарламасын іске асыру үшін қоныс аударуға арналған монолитті (құрастырмалы-монолитті) көп пәтерлі тұрғын үйлердің, заманауи панельдік конструкциялардан көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы қамтамасыз етілуі керек. Мұндай көп пәтерлі үйлер энергия үнемдеудің жоғары деңгейіне ие және мобильділігі шектеулі адамдар үшін көп пәтерлі үйлерді бейімдеудің заманауи стандарттарына сәйкес келуі керек.