Ұйғыр ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы

Ұйғыр ауданы елді мекендерінің шекараларын
(шектерін) өзгерту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97, 108 - бабының 5 - тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Ұйғыр ауданының елді мекендерінің шекаралары (шектері) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
Тасқарасу ауылдық округінің шекарасына (шегі) қосымша 68,0 гектар жер қосылуына байланысты шекарасы өзгертілсін;
Ават ауылдық округінің шекарасына (шегі) қосымша 26,7 гектар жер қосылуына байланысты шекарасы өзгертілсін;
Үлкен Ақсу ауылдық округінің шекарасына (шегі) қосымша 40,7 гектар жер қосылуына байланысты шекарасы өзгертілсін;
- Ұйғыр аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылауды Ұйғыр аудандық мәслихатының «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Ұйғыр аудандық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Қызмет бағыты