«Қауіпсіз балалық шақ – жарқын келешек кепілі»

Жарияланған күні: 23 қыркүйек 2026
«Қауіпсіз балалық шақ – жарқын келешек кепілі»

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Отырыста комиссия мүшелері аудандық полиция бөлімінен келіп түскен құжаттарды талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Сонымен қатар, Облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Майлыбаевтың тапсырмасына сәйкес комиссия отырыстарында тұрақты түрде кәмелетке толмағандар арасындағы суицид және суицидтік әрекеттер туралы мәселе қаралып, өкілетті органдарға нақты жұмыстар атқару жөнінде нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі, білім бөлімі, колледж, полиция қызметкерлері, жастар орталығының қатысуымен аудан аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында түнгі рейдтік іс-шаралар жалғасуда.