Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелерінің қызметіне жәрдемдесу,сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органының 2024 жылға арналған іс-шарасы 24 маусым күні жоспарланған түрде өткізілді.

Жарияланған күні: 05 шілде 2024

Консультативтiк-кеңес органы қызметiнiң мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру, алдын алу жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тиiстi ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

Іс-шара барысында Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Е.Толымбекұлы ,пробация қызметi бөлiмшесінің бастығы Н.Ш.Таипова «Ұйғыр аудандық мансап орталығы “ бөлім басшысы Б.К.Кайратов және ауылдық округтердің әкімдері мен аудандық орталық аурухананың мамандары қатысып, есепте тұратын сотталған тұлғалардың арасында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша жүргiзiлген жұмыс туралы есептерін берді.