Құрметті аудан тұрғындары!
5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізілді. Конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізу Қазақстан азаматтарына мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша ерік білдіру құқығын пайдалануға мүмкіндік берді. Кең мағынада конституциялық түзетулер үшін тікелей дауыс беру – азаматтардың Жаңа Қазақстанның құрылысына тікелей қатысуына жағдай жасады.Мемлекет басшысы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеуінде: «Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді. Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін» деп аттап өтті.Біздің аудан бойынша келушілер саны 81,2 пайызды құрады, дауыс бергендердің 78,6 пайызы дауыс берді.Баршаңызға өткен референдумға белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес біз экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, халықтың табысын арттыру үшін барлық шараларды қабылдануда.
Ағымдағы жылдың төрт айында аудан бойынша барлық салаларда өсу оң динамикасы байқалады. Алматы өңірі экономикасының дамуына Ұйғыр ауданы айтарлықтай үлес қосуда.
Мәселен, Аграрлық секторда
4 айда 9 млрд. 464 млн. теңгелік жалпы ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 3 млрд. 485 млн. теңгеге көбейіп, нақты индекс көлемі 136,5 пайыз болды.
2022 жылға егілетін ауылшаруашылығы дақылдарының структурасы бекітіліп, 70 ірі шаруашылық құрылымдары және 3199 шаруа қожалықтары мен бірге көктемгі дала жұмыстары атқарылды.
Егістік көлемі 22 805 гектарды құрап, оның ішінде күздік бидай 163 гектар, жаздық бидай 360 гектар, арпа 767 гектар, жүгері 7044 гектар, майлы дақылдар 30 гектар, картоп, көкөніс, бақшалар 1056 гектар, азықтық дақылдар барлығы 13 384 гектар болды.
Ауданның негізгі дақылы - жүгері алқабы - 7044 гектар болды. Өткен жылы жүгерінің жалпы өнімі 83,0 мың тонна болып, немесе облыс көлемінің 13 пайызын құрады (облыс - 660,6 мың тонна).
Алайда, ауданда жүгері өңдейтін кәсіпорындар жоқ.
Аудан бойынша 423 дана трактор, 19 дана жүгері комбайны, 39 дана шөп шабатын комбайн, жалпы соңғы 5 жыл аралығында 87 трактор алынды.
Биылғы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 326 млн 408 мың теңгеге 19 трактор, 6 тиегіш (погрузчик), 7 трактор тіркемесі, 8 ауыл шаруашылығы техникалары (соқа, престеуіш БДТ, культиваторлар) жаңадан сатып алынды.
Ағымдағы жылы 100 га жеміс-жидек бақтар салынды, оның ішінде 91 га өрік, 4 га алма, 5 га шабдалы.
Бүгінгі таңда ауданда 3941 га жеміс-жидек алқабы бар, оның 2075 га жеміс береді, 385 га "Апорт" сортты алма бағы бар. (облыс көлемінің 18 пайызына жетті (24 мың га) .
Тамшылатып суару әдісімен 637 га бақ суарылады (560 га).
11,5 га аумақта 6 типтік жылыжай жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығынан басқа соңғы уақытта ауданда өнімділігі жылына 29 мың тонна құс етін құрайтын "OTAN Green Food" ЖШС құс фабрикасы өз жұмысын қайта бастады.
Алдағы уақытта компания құс етінің қуатын жылына 40 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта кәсіпорында 850 адам жұмыс істейді.
Сонымен қатар, өнімділігі жылына 36 мың тонна құс етін құрайтын "Прима Құс" ЖШС жаңа құс кешенінің құрылысы жүргізілуде, 47 млрд. теңге инвестиция тартылады. 500 га жер телімі бөлінді. Инженерлік-коммуникациялық желілерді салу жұмыстары толық жүргізілуде. 2022 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр, 500 жаңа жұмыс орны ашылады.
Аудандағы ең ірі жеміс өндіруші "Шонжы Агро" мекемесі болып табылады. Онда 500 гектар жерге өрік, шабдалы, қара өрік және шие өсіріледі.
Қуаты жылына 1 мың 400 тонна жемісті қайта өңдеумен айналысқан "AgroProcessing" компаниясы жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, сыйымдылығы 40 тонна сақтайтын бір ғана көкөніс қойма бар. Ол жиналған өнімнің 0,1 пайызын ғана сақтауды қамтамасыз ете алады.
1-мамыр 2022 жылға аудан бойынша 85560 бас ірі-қара, 310260 бас қой-ешкі, 18067 бас жылқы, 35 бас түйе, 1 млн. 683 мың бас құс нақты қалып, олардан 13 498 тонна ет, 7584 тонна сүт, 1664 мың дана жұмыртқа өндірілді, өткен жылдың осы мерзімінен салыстырғанда ет-181,7 пайызға, сүт-102,9 пайызға, жұмыртқа 100,6 пайызға өсті.
850 басқа арналған екі бордақылау алаңы және 200 басқа арналған бір сүт-тауар фермасы бар ("Ташқарасу" ӨК).
Ауданда жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін ашу үшін инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыруды, бордақылау алаңдарын, сүт-тауар фермаларын және көкөніс қоймаларын салу жөнінде шараларды қабылдаумыз қажет.
2022 жылдың 4 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 млрд. 984 млн. теңгені құрап, нақты көрсеткіштің индексі – 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 133,6 % болды, немесе 4 млрд. 941 млн. теңгеге артық өнім өндірілді.
Аудан экономикасына 3 млрд. 927 млн. теңге Инвестиция тартылды, 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 млрд. 440 млн.теңгеге өсіп, немесе 8 есеге артты.
Бөлшек тауар айналымы 1 млрд. 507 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 160 млн.теңгеге көбейіп, индекстің нақты көлемі 100,1 пайыз құрады.
Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі - шағын және орта бизнесті дамыту.
2022 жылдың 1 мамырына жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4494 бірлікті құрады (2021 жылдың тиісті кезеңіне 101,7%), жұмыспен қамтылғандар саны 8 548 адамға жетті, бюджетке түсімдер былтырғыдан 5,7 есеге өсіп, 867,2 млн. теңгені құрады (2021 жылғы 1 сәуірге – 175,1 млн. теңге болған).
Ағымдағы жылы Бизнестің жол картасы аясында 6 жобаға мемлекеттік қолдау көрсету жоспарлануда. Гранттарды 34 млн. теңгеге 56 адам алады.
Біз Әкімдік жағынан инвесторларды тарту, қолданыстағы бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстарын күшейтуіміз қажет.
Өздеріңізге белгілі, ауданда көптеген туристік табиғи ескерткіштер бар ("Шарын" ұлттық табиғи паркі, шаған тоғайы, Шарын шатқалы, ыстық бұлақтар, Назугум үңгірі, Ағаш көлі).
Қолайлы климат туристерді қыста да, жазда да қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданының аумағында 170 ыстық су ұңғымасы және 55 демалыс - сауықтыру орны бар.
Өткен жылы 43,8 мың адамға 219,0 млн. теңгеге қызмет көрсетілді.
2020-2021 жылдары ыстық су көздерінде жалпы инвестиция сомасы 800,0 млн. теңгеге "Дария", "Комфорт", "Жемчужина" және басқа демалыс аймақтары пайдалануға берілді.
Бекітілген Жол картасы аясында Алматы – Шонжы трассасынан – "Шарын" ұлттық паркіне кіреберіс автожол салу (19 км), Кеген ауданынан Шарын шатқалына дейін подстанциясымен электр беру желісін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
"Арасан" санаторлық-курорттық аймағы Республикалық туристендіру картасына енгізіліп, аймақты дамытудың бас жоспары әзірленді.
Үстіміздегі жылы ауданда сауда және қызмет көрсету саласында 1 азық-түлік дүкені, 1 көлік жуу орыны, 1 сән салон, 1 балалар ойын-сауық орталығы іске қосылып жаңадан 6 жұмыс орыны ашылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 436 млн. теңгеге жетіп, былтырғыдан 943,0 млн. теңгеге немесе 2,8 есеге өсті. (2022 жылға жоспарланған "Прима Құс" құс фабрикасының құрылысы толық қарқынмен жүргізілуде).
Негізгі міндеттердің бірі - халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Аудан бойынша тұрғын үй алу кезегінде 1206 адам тұр.
Өткен жылы ауданда 8539 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 14 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.
Шонжы ауылында жыл соңына дейін 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі (733 млн. теңге). Тағы бір кредиттік тұрғын үй салуға 551,4 млн. теңге бөлініп, конкурстық рәсімдер басталды.
Автомобиль жолдары бойынша 2022 жылға Шарын ауылындағы жолдарды орташа жөндеуге 150,0 млн.теңге, Тасқарасу ауылына 235,7 млн. теңге, Үлкен Диханға 5,8 млн. теңге, Шонжыға 105,4 млн. теңге бөлінді.
«Таза су» бағдарламасы бойынша:
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де - маңызды мәселе.
25 елді мекеннің 23-і немесе 92% орталықтандырылған сумен қамтылған. Үлкен Ақсу және Кіші Ақсу ауылдарында 2020-2021 жылдары сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға және салуға қаражат бөлініп, нысандар 2021 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.
2022 жылға Қалжат ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға 385,2 млн. теңге, сондай – ақ Сүмбе ауылына сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салуға бастамасына 40,0 млн.теңге, Ават ауылына -50,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
25 елді мекеннің 23 газдандыруға жатады.
Жеке инвестициялар есебінен "Шарын" автоматты газ тарату станциясы салынды және Шонжы ауылына дейін магистральды газ құбыры тартылды (40 км). 75 шақырым кент ішілік желілер салынды.
Шарын ауылында газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылы басталады. Жобаның жалпы құны - 1,8 млрд. теңге.
Бюджет қаражаты есебінен Шарын, Бахар, Тасқарасу ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Халықты орталықтандырылған сумен және газбен қамтамасыз ету, газға қосылу бағасы мәселелерін ерекше бақылауға алуды, белгіленген мерзімде автомобиль жолдарын, соның ішінде кентішілік жолдарды жөндеуді аяқтауды, сапасын қамтамасыз етуді әкімдік бақылауға алады.
2022 жылғы 4 айында бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 1 млрд.981 млн. теңге түсуін қамтамасыз етіп, болжам 116,6 пайызға орындалды.
Бұның ішінде республикалық бюджет бойынша барлығы 667 млн. 079 мың теңге жиналып, болжам 101,1 пайызға орындалды.
Жергілікті бюджет бойынша болжам 1 млрд. 038 млн. теңге болса, 126,5 пайызға орындалып нақты 1 млрд. 314 млн. теңгені құрады.
Бюджетінің шығындары 948,3 млн. теңгені құрап, орындалуы 98,8% болды.
Әлеуметтік салада
Жұмыссыздық деңгейі 4,9% немесе 1624 адам тіркелген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық 26,5% - ды немесе экономикалық белсенді халықтың 8394 адамын (31677 адам) құрайды, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде орташа айлық жалақы 124,2% - ға өсіп, 207,9 мың теңгені құрады.
Ағымдағы жылы аудан бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларының арқасында 179 млн. теңгеге 489 адам жұмыспен қамтылады.
Жыл басынан 654 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 368 тұрақты.
Әлеуметтік көмекті жалпы сомасы – 654 млн. теңгеге 9 мыңнан астам аудан тұрғындары алады.
Білім беру саласында негізгі міндеттердің бірі - үш ауысымды оқытуды жою. Осыған байланысты, Шонжы ауылында 900 орындық мектептің құрылысын ағымдағы жылы бастауға бір милиард теңге бөлінді (жалпы құны - 2,5 млрд. теңге).
Сонымен қатар, Ж.Құдайбергенов атындағы №2 орта мектеп жанындағы интернатына 283,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласында осы жылдың соңына дейін Кепебұлақ, Ұзынтам, Шошанай және Ардолайты ауылдарында медициналық пунктер орнатылады (200 млн. теңге).
Орталық аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Сонымен қатар, ауданда 5 дәрігер жетіспейді (акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, фтизиатр, нарколог, стоматолог).
Мәдениет саласында "Ауыл - ел бесігі" жобасы шеңберінде Бахар ауылындағы клубты 323 млн. теңгеге қайта жаңарту жұмыстары басталды, нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.
Спорт саласында ағымдағы жылы Кіші Дихан ауылында 772 млн. теңгеге 50 орындық спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда.
Өздеріңіз білетіндей, құрылысы 2019 жылы басталған Шонжы ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде үшінші блоктың металл конструкциялары қираған (мердігер - "Лидер-НК" ЖШС).
Ағымдағы жылы жобаны аяқтауға 667 млн. теңге бөлінді (жалпы құны 1,6 млрд. теңге). Алайда, сот процестеріне байланысты жұмыстар тоқтатылды.
Қорытындылай келе, жалпы ауданда барлық салаларда резервтер мен мүмкіндіктер бар.
Аудан әкімдігі аталған проблемалық мәселелерді ерекше бақылауға алып, оларды шешу және ауданды одан әрі дамыту жөнінде нақты шараларды қабылдап, жұмыстарды Сіздермен бірге жасаймыз.
Назарларыңызға рахмет!