Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1, 48– баптарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 10 тамызы сағат 09.00-ден бастап 21 тамызы сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдерді ағымдағы жылдың 01 маусымынан бастап Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, К.Исламов көшесі, №70 Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының 2 қабаты «Ұйғыр ауданының жер қатынасары бөлімі» ММ-і 15 кабинеті мекен жайынан алуға болады.
Конкурс 2020 жылдың 24 тамызы сағ 15:00, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді, Мекен-жайы: Шонжы а/о, Раджибаев көшесі №73