Жиі қойылатын сұрақтар
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 5-3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына сәйкес тек дайындалған жер алаңдарында, яғни барлық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар (электр энергиясы, сумен жабдықтау, кірме жолдар, көшелер және т. б.) жүргізілгеннен кейін береді.
Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады?
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 30 306 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.