Хабарландыру!
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықтар туралы» Заңына және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, мониторингтеу және бағалау қағидаларына сәйкес Ұйғыр ауданы бойынша 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) тақырыптары жария талқылауға шығарылатынын хабарлаймыз. Жария талқылаудың мақсаты – азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік жобаларды жоспарлау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету және олардың тиімділігін арттыру.