Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорғанқаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26; Пошталық мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26; Электрондық поштасы: kense@almreg.kz; байланыс телефоны 8 (7282) 329558; Конкурстың нысанасы: "Бизнестіңжол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру. Байқаутүрі: ашық конкурс. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорғанқаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26; Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекен жай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады. Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. "27" қарашадан бастап 2020 ж. "4" желтоқсанына дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт). Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2020ж. "27" қараша сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт). Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2020 ж. "04" желтоқсан сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт). Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Дата публикации
18 ноября 2020