Хабарландыру
Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы
- «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» ММ жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарын қызмет көрсету құқығына байқау жариялайды. Байқау 2025 жылғы 25 сәуірде сағат 15:00-де Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, 75 мекенжайында өтеді.
- Байқауға келесі маршруттар (маршрут топтамалары) қойылады:
№1 «Тәуелсіздік көшесі – Құдайбергенов мектебі»
№2 «Мясокомбинат – Южный»
№3 «Шарын – Шонжы»
№4 «Шонжы – Ақтам»
- Байқауға меншік нысанына қарамастан, кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады, олар автокөлік құралдарына меншік құқығы немесе заңды негізде иелік ету құқығына ие болуы тиіс.
- Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар «Ұйғыр ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не келесі мекенжай бойынша жазбаша өтініш тапсыруы қажет: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, 75.
- Байқауға қатысуға арналған құжаттарды алу және қабылдау үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 11 сәуір, сағат 18:30.
- 2025 жылғы 03 сәуірде сағат 15:00-де Байқау комиссиясы байқауды өткізу мәселелері бойынша алдын ала конференция өткізеді.
- Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8-(72778) 2-13-42.