Іске асырылатын жобалар
6 радиалды жолдар
Алматы облысының әкімдігімен Алматы облысының аумағында Алматы қаласының шекарасынан Мемлекет басшысының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында, үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолына (бұдан әрі – ҮАААЖ) дейін радиалды жолдар құрылысын қамтамасыз етуге қатысты жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі уақытта Іле ауданындағы Солтүстік жартылай айналма (17.08.2018ж №01-0318/18),Тілендиев көшелерінің (01.02.2018ж №01-0050/19), Қарасай ауданындағы Абай (19.03.2019ж №02-0047/19), Ақын Сара (15.03.2019ж №02-0043/19), Сайын (20.03.2019ж №02-0049/19), Рысқұлов (19.06.2019ж №02-0093/19) көшелерінің ТЭН-іне мемлекеттік сараптама қорытындылары алынды.
Алматы қаласының шекарасынан ҮАААЖ-на дейінгі 6 радиалды жолдардың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, бүгінгі күнге 4 жобаға, оның ішінде Іле ауданындағы Солтүстік жартылай айналма (03.02.2020ж №01-0053/20),Тілендиев көшелерінің (22.01.2020ж №01-0029/20), Қарасай ауданындағы Сайын (19.12.2019ж №01-0526/19), Рысқұлов (19.12.2019ж №01-0525/19) көшелерінің ЖСҚ-на мемлекеттік сараптама қорытындылары алынды.
Жасалған келісім-шарттарға сәйкес 2 жобалар бойынша сараптама қорытындыларын алу мерзімі төмендегідей жоспарлануда:
- Абай көшесі бойынша 18.06.2020ж.;
- Ақын Сара көшесі бойынша 30.06.2020ж.
Радиалды жолдар құрылысына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару бойынша жер экспликациялары аудандық әкімдіктерге ұсынылып, жұмыстар жалғастырылуда. 6 радиалды көшелерінің құрылысына жалпы 487 жер учаскелері түседі, оның ішінде:
- Сайын көшесінің құрылысына Іле және Қарасай аудандарында көлемі 36,3 га құрайтын 36 жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылды (ұзындығы 5,7 км), (Іле ауданы-16 учаске (бағалау сомасы - 5 163 404 теңге, 28,3 га құрайды), Қарасай ауданы - 20 учаске (бағалау сомасы - 128 070 510 теңге, 8,0 га құрайды).
Қалған 5 көшелерінің (Рысқұлов, Ақын Сара, Абай, Тілендиев, Солтүстік жартылай айналым көшелері) құрылысына түсетін 451 жер учаскелеріне бағалау жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде:
- Ақын Сара көшесі 64 жер учаскесі (35,8 га), (8 мемлекеттік жер пайдаланушы, 56 жеке меншікте);
- Абай көшесі 73 жеке меншіктегі жер учаскесі (9,9 га), (барлық жер учаскелері жеке меншікте);
- Рысқұлов көшесі 156 жер учаскесі (19,7 га), (2 мемлекеттік жер пайдаланушы, 154 жеке меншікте);
- Тілендиев көшесі 139 жер учаскесі (18,5 га), (13 мемлекеттік жер пайдаланушы, 126 жеке меншікте);
- Солтүстік жартылай айналым көшесі 19 жер учаскесі (9,9 га), (2 мемлекеттік жер пайдаланушы, 17 жеке меншікте).
Бүгінгі күні, Қарасай ауданы әкімдігімен Абай көшесінің 67 жер учаскелеріне 303,5 млн. теңгеге, Ақын Сара көшесінің 55 жер учаскесіне 937,1 млн. теңгеге, Рысқұлов көшесінің 144 жер учаскесіне 486,4 млн. теңгеге бағалау есептері ұсынылды. Жалпы Қарасай ауданы бойынша 283 учаскеден 266 жер учаскелері 1млрд. 728 млн.теңгеге бағаланды. Қалған 17 жер учаскесі бойынша бағалау жұмыстары жүргізілуде (Абай көшесінің құрылысына 6 учаске, Рысқұлов көшесінің құрылысына 10 учаске, Ақын Сара көшесінің құрылысына 1 учаске).
Бүгінгі күні, Іле ауданы әкімдігі тарапынан Солтүстік жартылай айналма көшесі бойынша 17 жер учаскесіне 138,3 млн.теңгеге бағалау жұмыстары жүргізілді (2 мемлекеттік жер пайдаланушы).
Тілендиев көшесі бойынша бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімдігі тарапынан 2020 жылға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне 1 млрд 728 млн. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.
Қажетті қаражат бөлінуіне қарай аталған жобалардың құрылысына түсетін жер учаскелері сатып алынатын болады.
Сайын және Рысқұлов көшелері бойынша 2020 жылға құрылыс-монтаждық жұмыстарын бастау үшін облыс әкімдігімен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне 2 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім берілді.