Алматы облысы туризм басқармасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық нормалар түсіндірілді

Бүгін Алматы облысы туризм басқармасының бөлім басшысы Мәдина Меделбекқызы Алматы облысы туризм басқармасының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша кездесу өткізді. Мәдина Меделбекқызы өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңалықтар, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің маңыздылығы және Бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін Бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту туралы айтып берді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет институты енгізілгенін, ол адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауап беретінін атап өтті.
Семинар барысында алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесуге қатысушыларға Департаменттің "Жетісу адалдық алаңы" жобалары, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" платформасының мүмкіндіктері, ISO 37001 платформасы, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.