Қоғамдық денсаулық сақтау

Қоғамдық денсаулық сақтау

Қоғамдық денсаулықбұл өмір сапасы мен қауіпсіздігінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қоршаған орта мен халықтың өмір сүру салтының түрлі факторларының әсеріне негізделген елдің маңызды экономикалық және әлеуметтік әлеуеті.

Қызметтің сипаты бойынша қоғамдық денсаулықбұл сауығатын әсерді, сондай-ақ әлеуметтік факторлар мен жағдайлардың халықтың және оның топтарының денсаулығына қолайсыз әсерін зерттеу және қоғамдық денсаулық деңгейін арттыру және сақтау мүддесінде адамдардың денсаулығына зиянды әлеуметтік жағдайлар мен факторлардың әсерін жою және алдын алу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.

Қоғамдық денсаулық жағдайы ұлттық қауіпсіздіктіңмаңызды факторлардыңбіріАдам әлеуетініңфизикалық және психикалық денсаулығы елдің жоғары экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының көзі болады

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    Қазақстан Республикасындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) азаматтарға бірқатар медициналық қызметтерді, оның ішінде стационарлық емдеуді тегін алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

    Стационарлық медициналық көмек:

    Жедел медициналық көмек көрсету – шұғыл көрсеткіштер бойынша жедел жағдайларда.

    Жоспарлы госпитализация – алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) мамандарының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша әлеуметтік маңызы бар ауруларды, жұқпалы ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы ауруларды емдеу үшін.

    Стационарды алмастыратын медициналық көмек (күндізгі стационар):

    АМСК мамандарының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін ауруларды емдеу мақсатында күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсету.

    Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту:

    Аурулардан немесе медициналық араласулардан кейінгі кезеңде пациенттерге қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қызметтерін көрсету.

    Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім:

    Айықпас ауруларға шалдыққан, симптомдарын жеңілдетуді және өмір сапасын жақсартуды қажет ететін пациенттерге паллиативтік көмек көрсету және мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету.