Кітап оқып, планшет ұтып ал!


Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс тұрғындарын «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» жобасына қатысуға шақырады! Байқау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.
Аталмыш жобаға үш буын өкілдері қатыса алады.
Жоғарғы сынып (9, 10, 11 сынып) оқушылары, студенттер, жастар және ересек адамдар.
Артық білім – кітапта деп Абай атамыз айтқандай, Сіз, жобаға қатысып, жүлдегер атанып қоймай, кітап оқып, сөздік қорыңызды молайтып, ой-өрісіңізді, білім көкжиегіңізді кеңейтесіз!
Жүлдегерлерге планшеттер мен бағалы кітаптар беріледі.
Ол үшін басқарма сайтында және әлеуметтік желілерінде көрсетілген ережемен таныс болыңыз!
«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаи.
Құнды қазынаға кенеліп, жаныңызға азық болар жақсы кітаптан құр қалмаңыз, жетісулық оқырман!
27 қараша 2020
23 желтоқсан 2020
Онлайн
Конкурс