Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыстары мәслихатта тыңдалды

Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыстары мәслихатта тыңдалды

📢 Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыстары мәслихатта тыңдалды

24 қыркүйек күні басқарманың 2025 жылғы жұмыстары облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қаралды.

Басқарма басшысының м.а. Н.Т. Оқас «Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар – тіл тазалығының көрінісі» тақырыбында баяндама жасады.

✨ Жыл ішінде атқарылған жұмыстар:
✅ «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өтті;
✅ Қонаев қаласында және барлық аудандарда «Қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
✅ «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде өткізіліп, жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды.

📝 Жарнаманы көпшілікті тәрбиелейтін құрал деп қарағанда ғана тілдің мәртебесін көтере аламыз.

Оқиға күні

24 қыркүйек 2025

Оқиға түрі

Отырыс