Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы мен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды!


🤝🏻 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы мен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
✅Меморандумның мақсаты — Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында бірлескен жұмыстарды күшейту.
🔹Құжат аясында ұлттық сананың басты кілті ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, көрнекі ақпараттағы (жарнама, прейскурант, ас мәзірі, фискалды чектер және т.б.) мәтін сауаттылығын сақтау бағытында кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеу көзделген.
🔸Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды және заңнамалық талаптарды орындауды мақсат етіп отыр.
🔹Меморандумға «Қазақ тілі» қоғамы Алматы облыстық филиалының төрағасы К. Сейтбекқызы мен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Н.Т. Оқас қол қойып, алдағы уақытта өзара жүйелі ынтымақтастықта жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.
01 тамыз 2025
Соглашение