«Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже»

«Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже»

2020 жылдың 26-28 тамызы аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» атты тақырып аясында онлайн режімде қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту мәселелеріне арналғанхалықаралықәдістемелік семинар өткізеді.

            Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындамемлекеттік тілдің қолданылу өрісін кеңейту мақсатында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, шетелдің тілді үйрету әдістемесімен танысу, өзара тәжірибе алмасу.

Семинардашетелдің және еліміздің үздік ғалым-әдіскерлері мен білікті оқытушылары  өзтәжірибелерімен бөліседі, инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері арқылы оқытудың тиімділігі және   халықаралық тәжірибелер негізінде қазақ тілін ана тілі және екінші шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік жолдарын көрсетеді.

Онлайн семинарға еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдары, әдіскерлері мен оқытушылары және қатысуға ниет білдірген тіл мамандары қатысады. Семинар тренинг, шеберлік-сыныптар түрінде өткізіледі.

Қатысушыларға онлайн сертификат беріледі.

Әдістемелік семинардың негізгі бағыттары:

  1. Тілдерді үйретудің заманауи үрдістері. 
  2. Шет тілін оқытудың заманауи технологиялары.
  3. Қазақ тілін халықаралық тәжірибе негізінде оқыту.
  4. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді қолдану.
  5. Тілді оқытудағы табиғи тәсілдердің тиімділігі.
  6. Интернет ресурстарының мүмкіндіктерін қолдана отыра тілді меңгерту.
  7. Тілді оқыту үдерісіндегі геймификация.
  8. Сандық жүйеде оқытудың тиімділігі.
Басталу уақыты

26 тамыз 2020

Соңғы күні

28 тамыз 2020

Өткізу орны

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7/А көшесі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығы. Байланыс телефондары: 8(7172) 44-88-68 Жауаптылар: Әдістеме басқармасы:Омарова София, 8776-144-11-16, omarovask@mail.ru, Орфография басқармасы: Аитова Нұрлыхан, nurlykhan.an@gmail.com,8707-507-03-94.

Оқиға түрі

Хабарландыру