«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы аясындағы «Мен қазақша сөйлеймін» акциясын өткізу ережесі

  1. Жалпы ержелер

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы аясында өтетін акция.

  1. Акцияның мақсаты:

1) Батырлар жырларынан үзінді мәнерлеп жатқа оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу;

2) Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.

  1. Акцияға қатысатын үміткер батырлар жырынан үзінді мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы2 минуттан аспауы тиіс), үзіндіні #мен қазақша сөйлеймін 2020хештегімен 2020 жылдың 21 қыркүйегіне дейін әлеуметтік желілерде (Facebook, Youtube, Instagram) кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе аудан атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, түсірілген бейнежазбаны Almaty Oblysy Til Basqarmasy (фейсбук), tilbasqarmasy_almobl (инстаграм), Almaty-Oblysy Til-Basqarmasy (в контакте) аккаунтын белгілеулері тиіс.
  2. Акция өзге ұлт жастары арасында өткізіледі.
  1. Акцияны өткізу тәртібі:
  1. Акцияны өткізу туралы хабарландыру 2020 жылдың тамыз айында Басқарманың ресми сайтында (https://www/gov/kz/memleket/entities/zhetysu-til?lang=kk), Facebook, Youtube, Instagram әлеуметтік желілерінде және «Tilalemi.kz», «Tilmedia.kz», «Qazlatyn.kz» сайттарында жарияланды.
  1. Қорытынды ережелер:
  2. Акция жеңімпаздары әлеуметтік желілердегі «лайк» саны бойынша анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар және сыйлықтар табысталады.
  3. Акцияның өткізілуі туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

Байланыс мәліметтері: 8 (7282) 40-01-60, 8 708 702 8575.

Басталу уақыты

07 тамыз 2020

Соңғы күні

21 қыркүйек 2020

Оқиға түрі

Хабарландыру