Мемлекеттік қызметшіге сыйлықтар беру сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады және ол үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес бағасы 5050 теңгеден (2 АЕК) аспайтын сыйлықтарды беру және алу келесі айыппұлмен жазаланады:
676 бап – 505 000 теңге (200АЕК)
677 бап – 1515 000 теңге (600 АЕК)
678 бап – 1893 750 теңге (750 АЕК)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаменті.