Меню

Страницы

Статья

"БАЙТАҚ ЕЛДІҢ БАЛПЫҚ БИІ" атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының ережесі

Алматы облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық бөлімшесі мен "Үш Бәйтерек" қоғамдық қоры өз заманында ел бірлігін ұйытып, рухын асқақтатқан, көсемдігі мен шешендігі, ерлігі мен әулиелігі көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған бәйтерек бейнелі Балпық бидің данагөйлік мұрасы мен тарихтағы орнын поэзияның құдіреті арқылы кенен паш ету мақсатында республикалық "Байтақ елдің Балпық биі" атты жазба ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Байқауға қатысатын ақындардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

Байқау шарты:

– Мүшәйраға қатысушылар екі өлең жолдауы шарт. Әрбір өлең үш беттен аспауы тиіс.

1. Балпық биге арнау;

2. Еркін тақырыптағы өлең.

– өлеңдер бұрын жарияланбаған болуы керек, әр өлеңнің жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс;

– өлеңді компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен теру керек;

– сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) жазылған өлеңдер ғана қабылданады;

– қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Бас жүлде – 500 000 (бес жүз мың теңге).

І орын – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге.

ІІ орын (екеу) – 200 000 (екі жүз мың) теңгеден.

ІІІ орын (үшеу) – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден.

Ынталандыру сыйлығы (бесеу) – 50 000 (елу мың) теңгеден.

Қатысушылар өлеңдері мен өздері туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі мен төменде берілген кестені толтырып) 2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін a.kenzhegulova@zhetysu.gov.kz электронды поштасына жолдауы қажет. Жеңімпаздарды марапаттау мерзімі қосымша хабарланады.

Біздің мекенжайымыз:

Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б.

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-65, 40-01-67

Факс: 8 (7282) 30-59-50

 

Дата публикации
02 августа 2019
Дата обновления
16 марта 2020
Тип
Объявление

Сейчас читают

06 апреля 2026
В Алматинской области начаты плановые проверки соблюдения законодательства Республики Казахстан о языках на I полугодие 2026 года.
Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы