Меню

Страницы

Статья

Қос жүлде - екеуі де бас жүлде

Қос бірдей республикалық байқаудың бас жүлдесі Алматы облысына бұйырды.

Өткен аптада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен Республикалық "Тілдарын – 2019" байқауында Алматы облысының намысын қорғаған Жадыра Байназар Бас жүлдені қанжығалап қайтса, Қызылорда қаласында өткен "Текті сөздің төресі – терме" атты жыршы-термешілердің республикалық байқауында Алматы облысының термешісі Елбол Қуанбек Бас жүлдегер атанды.

Естеріңізде болса, Жадыра Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тамыз айында өткен облыстық "Тілдарын – 2019" байқауында жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алған болатын. Республикалық байқауға 3 қала мен 12 өңірдің іріктеу сынында жеңіске жеткен 15 талапкер қатысты. Оларға қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгеруі басты талап етіліп, білімдері жан-жақты сынға алынды. Полиглоттар шеберлігін тіл мамандарынан құралған қазалар алқасы бағалады.

Ал еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген, көмейлеріне бұлбұл ұялаған үміткерлер арасынан оза шапқан жерлесіміз Елбол Қуанбек Жетісу жерінің дәстүрлі ән, күй, жыр мектептері қалыптасқан киелі өңір екеннін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.

Біз облыс үмітін ақтаған қос өренді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дата публикации
11 ноября 2019
Дата обновления
16 марта 2020
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

06 апреля 2026
В Алматинской области начаты плановые проверки соблюдения законодательства Республики Казахстан о языках на I полугодие 2026 года.
Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы